Тəңір үкім мен даналық Иесі

Тəңір үкім мен даналық Иесі

«Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты əрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз, Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ибраһимнің ғ.с. тілегі бойынша Мұхаммед ғ.с. елші болып келді).

(Бақара сүресі, 129)

Сендерге ашық дəлелдер келгеннен кейін жолдан тайсаңдар, біліңдер, Алла тым үстем, хикмет иесі.

(Бақара сүресі, 209)


Расында, осы (Ғиса ғ.с.-ға байланысты) қиссалар əлбетте шындық. Алладан басқа ешбір тəңір жоқ. Шын мəнінде, Ол Алла аса үстем, тым кемеңгер.

(Əли Имран сүресі, 62)

Ал жəне біреу күнə істесе, сонда негізінен ол өзіне істеген болады. Алла толық білуші, аса дана.

(Ниса сүресі, 111)

Алла  мұны  сендер үшін қуаныш əрі онымен жүректерің орнықсын деп  қана етеді. Нұсрат өте үстем, хикмет иесі Алланың  қасынан ғана болады. 

(Əли Имран сүресі, 126)

Жəне Ол құлдарына өте өктем. Ол толық үкім иесі, əр нəрседен хабар  алушы.

(Əнғам сүресі, 18)

Олардың жеріне келіп, əр тараптан кеміткенімізді көрмей ме? (Исламның кеңіп, олардың кеміп бара жатқанын). Үкімді Алла береді. Оның үкімін тойтарушы жоқ. Ол есепті тез көруші.

(Рағыд сүресі, 41

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *