Тəңір ізет пен абырой Иесі
Кім құрмет көксесе, негізінде, бүкіл қадір-құрмет Аллаға тəн. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы амал оны көтереді. (Көркем сөз: Иман, сенім. Жақсы амал: Сенім бойынша істеген құлшылық. Екеуі бір-бірін көтереді. Бірінсіз бірі қабылданбайды). Ал сондай жамандықтың тəсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тəсілдері, ол өзінен-өзі жоқ болады.
(Фатыр сүресі, 10)
Сондай мүміндерден өзге имансыздарды дос тұтқандар, олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мəнінде, ізет бүтіндей Аллаға тəн.
(Ниса сүресі, 139)