Тəңір мүліктің Жалғыз Иесі

Тəңір мүліктің Жалғыз Иесі

Білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тəн. Сендер үшін Алладан өзге не дос, не жəрдемші жоқ.

(Бақара сүресі, 107)

Көктер мен жер əрі екі арасындағылар Алланың меншігінде.

Оның əр нəрсеге күші толық жетеді.

(Мəида сүресі, 120)

Ол сондай  Алла, көктердегі жəне жердегі нəрселер Оныкі. Қарсы келгендерге болатын қатты азаптан нендей өкініш!

 (Ибраһим сүресі, 2)

Көктердегі, жердегі əрі екі арасындағы нəрселер мен топырақтың астындағылар Оған тəн.

  (Taha сүресі, 6)

Өйткені, Біздің қасымызда əр нəрсенің қорлары бар. Бірақ, белгілі мөлшерде  ғана түсіреміз.

(Хижр сүресі, 21)

Көктер мен жердің (қазыналарының) кілті Оған тəн. Кімді қаласа, несібесін кеңітеді де, шамалайды. Өйткені, Ол əр нəрсені толық білуші. 

(Шура сүресі, 12

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *