Тəңір барлық кемшіліктерден пəк
Ей, адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла əр нəрседен мұңсыз, өте мақтаулы.
(Фатыр сүресі, 44)
«Барлық мақтау, бала иемденбеген əрі мүлкінде еш серігі болмаған, сондай-ақ əлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық» де. Жəне Оны өте ұлықта.
(Исра сүресі, 111)
Ол Алла, сендерді жаратып, сонан соң ризық береді, одан кейін өлтіреді, содан кейін қайта тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан осылардан бір нəрсе істейтін кім бар? Алла олардың қосқан ортақтарынан пəк əрі жоғары.
(Рум сүресі, 40)
Олар көрмей ме? Шəксіз, Ол сондай Алла, көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтуге шамасы келеді. Əрине, Оның əр нəрсеге күші толық жетуші.
(Ахқаф сүресі, 33)
Расында, көктер мен жерді жəне екі арасындағы нəрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық.
(Қаф сүресі, 38)