ОПАСЫЗДЫҚ – адамның азамат, ұйымның бір мүшесі, отағасы ретін- дегі әлеуметтік позицияларынан (статусынан), парыз ұғымынан және т.б. туындайтын, өзі ұстанған приицип- терін, сенімдерін, міндеттерін бұзатын іс-әрекетінің сипаттамасы. Опасыздық адал берілгендіктің қарама-қарсылы- ғы болып табылады. Сатқындықтан өзгешелігі – опасыздық өзі соған қа- тысты жасалған адамға не іске тіке- лей бағытталмайды. Сондықтан опа- сыздық байқалатын іс жүзіндегі әре- кет пен шын мәнінде опасыздықты білдіретін сенімдегі, жақындықтағы өзгерістердің арасындағы шекті нақ- ты ажырату қиын. Психологиялық көзқарас тұрғысынан егер пайда көз- деген ниеттен туындаған болса, опа- сыздық кейде оңай жасалады, өйтке- ні адам өзі соның алдында опасыз- дық жасаған адамнан ұялғаннан гө- рі, О. нәтижесінде қолы жететін пай- даға көбірек мән береді.
Сатқындық сияқты опасыздық та бар- ша замандарда қатаң айыпталған. Феодалдық қоғамдарда О. ең ауыр кү- нәлардың бірі деп бағаланған. Гума- нистік дүниетаным адамның ойлау, өмір сүру салтын өзгертуге деген құ- қығын мойындайды және адалдық пен шын берілгендікті адамның бос- тандығын шектейтін құралдар деп қарамайды. Өркениетті қоғамда мін- деттемелердің орындалуын тоқтату ажырасушы жақтың тарауы мүмкін шығынын өтеуді көздейтін уағдалас- тықпен жасалуға тиіс. Ерлі-зайыпты- лықта, махаббат пен достықта адал- дықтан айнудың есесі қайтуы мүмкін емес, сондықтан ол әр уақытта О. деп саналады.