ӘРЕНЖАН

ӘРЕНЖАН (т. ө.ж.б.) — күйші. 19 ғасырда Батыс Қазақстанда ғұмыр кешкен. “Шалқыма” күйі ғана сақталған. Бұл шығарманың музыкалық өлшемі басқа күйлерден өзгеше: ырғағы жеңіл, әуені қарапайым, көңілді әрі ширақ. Осы күйдің негізінде композитор Е.Г. Брусиловский “Дударай” операсында “Балықшылар хорын”, Б. Байқадамов капелла хорын, В.В. Великанов эстрадалық оркестр үшін көңілді би сазын жазды. Қазақстанның халық артисі Л. Мұхитов. Әренжанның “Шалқымасын” күйтабаққа жаздырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *