ОНТОГЕНЕЗ (грек. опtos – тіршілік және genesis – шығу тегі, пайда бо- лу) – жеке ағзаның туылғаннан бас- тап тіршілігін жойғанға дейінгі даму үрдісі. Бұл терминді 1866 ж. неміс биологі Э.Геккель ұсынды. Ол онто- генезді филогенезге – кейбір жүйелік топтың, мысалы, биологиялық түрдің қалыптасу үрдісіне қарсы қойды. Ол жеке даму биогенетикалық заңға сәй- кес өтеді, яғни О. филогенездің қысқа мерзімде жаңғыртылуы болып табы- лады деп есептеді. Қазіргі заманғы био- логияда ағзаның О. барысында өзгеруі ортаның ықпалынан болады, алайда ол тектік тұрғыда бағдарламаланған ақпарат негізінде жүзеге асады деп түсіндіріледі. Биологиялық теориялар мен терминологияның психология- лық-педагогикалық ғылымдардың қа- лып-тасуы үшін маңызы зор болды. О. термині психология мен педагогикаға енгізіліп, XIX ғ. соңынан бастап пси- хиканың жеке даму үрдісін білдірді.
XX ғасырда отандық ғылымда онто- генездің негізгі мазмұны баланың пәндік әрекеті мен қорытындылауы (ең алдымен, үлкендермен бірлескен әрекеті және қарым-қатынасы) деген түсінік орнықты. Онтогенезді зерттеу балалар психологиясының негізгі міндеті болды. Интериоризация ба- рысында бала осы әрекет пен қарым- қатынастың әлеуметтік, белгілік-сим- волдық құрылымы мен құралдарын меңгереді, осылардың негізінде оның санасы мен жеке тұлғасы қалыптаса- ды. Сөйтіп адам онтогенезінің не- гізгі мәні ағзаның кемелденуі емес, әлеуметтенудің әр алуан институтта- ры тарапынан әсерықпал жағдайын- да психиканың, сананың және тұлға- ның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуы болып табылады.