ОЛПОРТ ГОРДОН УИЛЛАРД
(1897-1967). Ол жеке тұлға туралы теориясында гуманистік және жеке- даралық тұрғыны қосарластырып тү- сіндіреді. Олпорт адам табиғатының – жеке тұлғалық дамуы адамның өзін-өзі жеңе білу өз мүмкіндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зертте- ді. 1937 жылы тұлға анықтамасының 50-ге жуық түрін жүйелеп, солардың ішінен: осы терминнің этимология- сына, теологиялық мәніне, филосо- фиялық түйініне, әлеуметтік мәніне және оның сыртқы көрінісі мен іш- кі психологиялық мәніне байланыс- ты оларды жеті топқа бөліп қарас- тырады.
Оның теориясының негізінде екі идея жатыр: 1) әрбір адамның әрқи- лы ситуациялардағы мінез-құлқын айқындайтын өзіне ғана тән қасиет- терінің жиынтығы; 2) әр адамға өзін- дік жеке-дара қасиеттер тән тіршілік- те әлемде мүлдем бірдей екі адамды табу қиын.
Г.Олпорттың негізгі еңбектері: «Тұл- ға: психологиялық интерпретация»,
«Адам және оның діні»; Тұлға пси- хологиясының негізгі мәселелері» және т.б.