ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ – оқу міндетте- рінің орындалуы төмендегі О.і.-ә. арқылы жүзеге асырылады: 1) оқу міндетін қабылдау немесе өзінше қою; 2) оқылатын затқа қатысты кейбір ортақ мәселелерді айқындау мақсатында оқу міндеттерінің шарт- тарын сәйкестендіру; 3) белгіленген қатынастардың заттық, сызба не өзге белгілер түріндегі үлгісін құру;
4) оның қасиеттерін «таза» түрде көрсетуге арналған үлгі құру; 5) жал- пы амалмен орындауға болатын же- ке тапсырмалар жүйесін құру; 6) ал- дыңғы әрекеттердің орындалуын ба- қылау; 7) оқу міндетін орындаудың нәтижесі ретінде жалпы амалдарды меңгеруін бақылау. О.і.-ә. оқушының қабілеттерін, білімдерін, икемдікте- рін және дағдыларын дамытуға ба- ғытталған өзінің жекелік әрекеттері. О.і.-ә.- адамның жаңа білімдерді, икемділіктерді және дағдыларды немесе ескілерді өзгертіп игеретін үрдіс. О.і.-ә. жоспары – оқытылатын пәннің тізімдерімен, олардың оқу жылына әр пәнді оқытуға сағаттың бөлінуін, мектеп оқушыларының ап- та бойына меңгеретін пәндер жоспа- рын қарастыратын нормативті құжат. О.і.-ә ұйымдастыру түрі – оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топ- тастыру. Жекелік, тұтастық, топтық және ұжымдық болып бөлінеді. Бұ- лардың бәрі өзара байланысты.