ОЙЛАУДАҒЫ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ОЙЛАУДАҒЫ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕР. Ойлау – өте күрделі және жан- жақты психикалық іс-әрекет, оны си- паттау оңай емес. Адамдардың ойлау іс-әрекетінің айырмашылығы ойлау- дың әртүрлі сапаларында аңғары- лады. Олардың ішінде бірден бір ма- ңыздыларына жататындар – ойлау- дың мазмұндылығы, тереңдігі, тезді- гі, икемділігі, белсенділігі, сын тұр- ғысынан кеңдігі және т.б.

Ойдың мазмұндылығы заттар мен құбылыстар, шыңдықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәреже- сін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы маз- мұнды және бай келеді. Бірақ ойлау- дың мазмұндылығы тек бар ойлау- дың сапалық жағымен ғана сипатта- лып қоймайды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлы- ғы емес, сонымен қатар оның терең- дігі жатады.

Ойлаудың тереңдігі ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен сапалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамнын іс-әрекетімен, оның білімі- мен, тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады.Ойлаудың мазмұндылығы мен терең- дігі ойдың кеңдігімен де өлшенеді.

Ойлауы өте кең адамдарды біз кей жағдайларда ойлау диапозыны жан- жақты, ойлы адам ретінде білеміз.

Ойлаудың кеңдігі адамның тәжіри- бесіне, біліміне және онымен байла- нысты қызығуына тәуелді.

Ойлау өз бетімен жұмыс істеу дәре- жесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ойлаудың дербестігі дегеніміз – адам- ның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бұл мін- деттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ой- дың белсенділігінде. икемділігінде, жеке сын тұрғысыпан қарауында.

Ойдың белсенділігі өзінің жаңа сұ- рақтары мен міндеттерін қоя білуін- де және іздену мен міндеттерді ше- шу үшін жолдар мен тәсілдерді табу- ға талпынуында аңғарылады.

Ойдың икемділігі міндеттерді шешу- де алынған біржақты ескірген тәсіл- дерден еркін болу ептілігінде, мін- деттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауын- да байқалады.

Сын тұрғысынан ойлау ақиқат және жалған ретінде басқаның немесе өзі- нің ойларын тексеру мен бағалау қа- білеттілігінде аңғарылады. Сын тұр- ғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. «Сыни ойлау» – бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.

Ойдың ұшқырлығы қойылған сұрақ- қа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қара- пайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдіс- терінде ұзақтау болады. Кейбір адам- дарда күрделі ой тәсілдері өте тез іс- ке асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді. Бас- қаларында ойлау әрекеті жай іске асады.

Ойдың ұшқырлығы әртүрлі фактор- ларға байланысты: біріншіден, ойлау үшін қажетті материалды есте сақтау беріктігіне және қайта жаңғырту жылдамдығына, оның ішінде ассо- циативтік үрдістердің жылдамдығы- на, сезімдердің, зейіннің, қызығудың жүйке жүйесінің жағдайларына бай- ланысты.

Екіншіден, ойдың ұшқырлығы білі- міне, логикалық формаларды меңге- ру дәрежесіне, ойлау қызметінің жат- тығуларына, ойлау дағдыларының да- му дәрежесіне байланысты.

Үшіншіден, ойдың ұшқырлығы жо- ғарыдағы жағдайлармен қатар ше- шуге тиісті міндеттердің сипатына, мазмұнына және қиыңдық дәрежесі- не байланысты.

Ойлаудың күрделі үрдістері. Кейде адам бірнеше жылдар бойы сары- лады. Мысалы, И.П.Павлов шартты рефлексті алу үшін 20 жылдан астам уақытын ғылыми-зерттеу жұмысына арнады. Көптеген ұлы адамдар, ғұла- ма ғалымдар, Ньютон, Павлов ойлары- ның ұшқырлығымен ерекшеленеді.

Психологияда төмендегідей қарапа- йым және шартты түрде ойлаудың түрлерін жіктеу кездеседі: көрнекі- лік – әрекеттік, көрнекілік – бейнелік, дерексіз (теориялық) ойлау.

Көрнекілік-әрекеттік ойлау. Тарихи даму барысында адамдар алдында тұрған міндеттер алғашында практикалық іс-әрекет түрінде танылып, кейін одан теориялық іс-әрекет бөлі- ніп шықты. Мысалы, алғашында адам- дар жер бөліктерін өлшеуді практика- лық түрде үйренді (қадамдармен жә- не т.б.). Содан кейін осы практикалық іс-әрекет пен жинақталған білімдер- дің негізінде бірте-бірте жеке теория- лық ғылым – геометрия қалыптасты және дамыды. Практикалық және теориялық іс-әрекет бір-бірімен өз- ара тығыз байланысты.

Практикалық іс-әрекеттің дамуы нә- тижесінде одан өз алдына дербес тео- риялық ойлау әрекеті бөлініп шықты. Тек адамзаттық тарихи дамуында ға- на емес, әрбір бала психикасының даму үрдісінде осы практикалық іс- әрекеттен гөрі алғашында баланың ойлау әрекеті дамыды.

Мектепалды жас кезеңінде (3 жасқа дейін) ойлау негізінен көрнекілік- әрекеттік. Бала қабылданатын заттар мен құбылыстарды талдайды және жинақтайды, ол қолымен әртүрлі әрекет жасайды. Бұл кезеңдегі бала- лар өз ойыншықтарын тас-талқан қылып бұзып, қайта біріктіреді. Ал- ғашқы кезде бала тікелей затпен әре- кет ете отырып, міндеттерді шешеді. Бірте-бірте күрделі іс-әрекеттерді, күрделі ойлау міндеттерін шеше бас- тайды. Мысалы, балалар енді күрде- лі практикалық іс-әрекеттерді орын- дауға бейімделеді, болашақ корабль- дер мен ұшақтардың моделдерін құ- растырады.

Көрнекілік – бейнелік ойлау. Ойлау міндеттерінің мазмұны бейнелік ма- териалдарға негізделеді. Ойлаудың бұл түрінде бала міндетті шеше оты- рып, заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың әртүрлі бейнесін талдай- ды, салыстырады, жинақтауға ұмты- лады. Көрнекілік – бейнелік ойлау не- гізінен қабылдау мен елестетулерге негізделуі қажет. Бұл ойлаудың түрі негізінен өнер адамдарына, шығар- машылықпен жұмыс істейтін маман- дықтың өкілдеріне тән. Атап айтқан- да, жазушыларда, суретшілерде, саз- герлерде, актерлерде көрнекілік-бей- нелік ес басымырақ келеді.

Мұғалімдер оқыту үрдісінде шәкірт- тердің көрнекілік-бейнелік есін да- мытуға ерекше мән береді, сабақта көрнекілікті жиі қолдана отырып, балалардың қызығуын, таным ерек- шеліктерін дамытуға, ой-өрісін, бел- сенділігін арттыруға, шәкірттердің оқу материалын терең меңгеруіне көмектеседі.

Дерексіз ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарда негізделеді. Бұл ойлау екінші сигнал системасының қызме- тімен байланысты. Алгебрадан есеп- терді шешуде біздің ойларымыз бен пайымдауымыз дерексіз ойлауға мы- сал бола алады. Дерексіз ойлаудың нақтылы ойлаудан жан-жақтылығы- мен ерекшеленіп қоймайды, сонымен қатар шындықты терең пайымдау ар- қылы іскс асады. Бір ғана пікірде біз барлық заттар мен құбылыстарға қа- тысты байланыстар және заңдар ту- ралы ойлауымыз мүмкін. Кейбір де- рексіз пікірлерде қабылдаулар, елес- тетулер арқылы болмайтын заңды- лықтарды қамти аламыз. Дерексіз та- биғат туралы, заң туралы, сан және сапа туралы ойлай аламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *