ОЙЛАУ ТЕОРИЯЛАРЫ. Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теория- ларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсері- мен өзгермейтін табиғи, интеллек- туалдық қабілеттіктердің болатын- дығы туралы қағидадан туындайды, екінші топтағы тұжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген тү- сінікті жатқызады.
- Бірінші тұжырым бойынша ин- теллектуалдық қабілеттіктер және интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ететін ішкі құ- рылымның жиынтығы ретінде анық- талады. Сәйкес келетін интеллектуал- дық құрылымдар даяр күйінде адам- да туғаннан беріледі, бірте-бірте ор- ганизмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интеллектуалдық қа- білеттіліктер (нышандар) идеясы не- міс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көп- теген еңбектерге тән. Ол ерекше ай- қын ойлаудың гештальт теориясын- да берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қай- та өзгерту, оларды реалдік шындық- ты көру интеллектінің негізі болып табылады.
2.Бұл теорияға қарама-қарсы интел- лектінің, генетикалық тұжырымдама- лары бойынша ақыл-ой қабілеттілік- тері туғаннан берілмейді, өмірге кел- геннен кейін қалыптасады және да- миды деген қағиданы пайымдайды. Генетикалық, тұжырымдамалар ойла- уды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субъекттің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әре- кетінен деп түсіндірді.
Ойлаудың өзіндік тұжырымдамала- ры психологиялық зерттеулердің тө- мен-дегідей бағыттарында қарасты- рылады: эмпирикалық субъективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негіз- гі әдісі бойынша, гештальтпсихоло- гияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің эле- менттілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығының жеке эле- менттер құрамына қарағанда үстем- дік етуі, артықшылығын мойындады, оның ішінде ойлауда, бихевиоризм- де, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субъективтік феномен ретінде мі- нез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға ба- ғындырды. Ойлаудың белсенді пси- хологиялық зерттеулері XVII ғасыр- дан жүргізіле бастады. Сол кезде, содан кейін біршама ұзақ кезең пси- хология тарихында ойлауды логика ғылымының құрамында, оның бір- ден-бір түрі ретінде ұғымдық тео- риялық ойлау қарастырылды. Ойлау- ға қабілеттіліктің өзі туғаннан беріл- ген, туа біткен қасиет, ал ойлау даму- дан тыс қарастырылды. Интеллек- туалдық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде пайымдау, логикалық ой қо- рытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды.
Ойлаудың белсенділігі, оның шығар- машылық сипаты да осы теория ше- ше алмаған негізгі проблема болды. Соңдықтан да оның жақтаушылары- на ақыл-ой шығармашылық қабілет- тіктер ассоциацияға бағынбайтын туа біткен ақылдың қабілеттіліктері деп хабарлаудан басқа ештеңе қал- мады.
Бихевиоризм бағытында ойлау сти- мулдар мен реакциялардың арасын- дағы күрделі байланыстарды қалып- тастыру үрдісі ретінде жеке міндет- терді шешуге қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалып- тастыруды қарастырады.
Гештальтпсихология бағытында ин- туитивтік тұрғыдан түсіндірілді. Пси- хологиядағы соңғы екі бағыт (бихе- виоризм мен гештальтпсихология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмайды.Бихевиоризмнің арқасында психо- логиялық зерттеулердің саласына практикалық ойлау енгізіледі, ал геш- тальтпсихологияның арқасында пси- хологтар ойлаудағы интуиция және шығармашылыққа ерекше көңіл бөл- ді. Ойлау психологиясы проблема- сын шешуде психология бағытында- ғы психологтардың сіңірген еңбек- тері баршылық. Олар негізінен зе- йінді ойлаудың санасыздық түрле- ріне қатыстырумен, сонымен қатар ойлаудың адамдардың талпынула- ры мен қажеттіліктеріне бағыныш- тылығын зерттеуге байланысты. Қазіргі іс-әрекет іліміне негізделген психология ғылымында ойлау жаңа- ша көзқарасқа ие болды. Ойлауды та- ным іс-әрекетінің ерекше түрі ретін- де қарастырды. Ойлауды психология- ға енгізу арқылы іс-әрекет категория- сында теориялық және практикалық интеллектіні танымның объектісі мен субъектісін қарама-қарсы қоюды жеңу іске асты. Алғаш рет ойлаудың генезисі туралы мәселелерді қою жә- не шешу мүмкіншіліктері пайда бод- ды.
А.Н.Леонтьев адамзат ойлауының жо- ғары түрінің сипатын, әлеуметтік тә- жірибенің, оның дамуының мүмкін- шілігін атай келіп, былай деп жаз- ды: «Адамның ойлауы қоғамнан тыс, тілден тыс, жинақталған адамзат білі- мінен тыс және олардың қалыптас- қан ойлау іс-әрекетінің тәсілдерінен тыс өмір сүруі мүмкін емес… Жекеле- ген адам тілді, ұғымдарды логиканы ғана меңгере отырып, ойлау субъек- тісі болып табылады». Ал ойлаудың тұжырымдамасын ұсынғанда, ол бо- йынша арасында ұқсастық қатынастар болатындығын дәлелдеді. Ішкі ойлау іс-әрекеті тек сыртқы, практика- лық іс-әрекетінің туындысы болып қоймай, сондай құрылымға ие бола- ды.
Ойлаудың іс-әрекеттік теориясы ба- лаларды оқыту және ақыл-ой дамуы- мен байланысты көптеген практика- лық міндеттерді шешуге көмектесті. Оның негізінде оқытудың әртүрлі тео- риялары қалыптасты, атап айтқанда П.Я.Гальпериннің, Л.В.Заковтың, В.В.Давыдовтың теориялары. Олар- дың бәрін ойлауды дамыту теорияла- ры деп қарастыруға болады.
Біздің елімізде оқыту үрдісінде прак- тикалық түрде кеңінен енгізілген теориялардың бірі – П.Я.Гальпе- риннің «Ақыл-ой әреке-тін кезең- мен қалыптастыру» теориясы Л.С.Вы- готскийдің белгілі қағидаларына жә- не А.Н.Леонтьевтің ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың өзіндік ерекшелік- тері туралы зерттеулеріне негізделеді. Бұл теориялардың мәні мынада: ішкі материалдық әрекеттер бірте-бірте ішкі ақыл-ой әрекетіне айналады (ин- териоризацияланады).
П.Я.Гальперин бала интеллектісін қа- лыптастыру теориясын талдады, ол теория оқыту психологиясының ғы- лыми тұрғыдан негізделген практи- калық теориялардың бірі ретінде практикалық жағынан кеңінен қол- дау тапты.
Оқыту және дамыту проблемасын талдауға Л.С.Выготский ерекше үлес қосты. Л.С.Выготскийдің және оның ғылыми мектебі қызметкерлерінің жалпы теориялық қағидалары мен зерттеулері оқыту, дамуда жаңаның қалыптасуының қайнар көзі бола отырып, дамумен бірлікте оқыту да- мудан озып отыруы қажет деген қо- рытындыға келеді.
Оқытудың негізгі міндеті – ғылым негіздерін мектеп оқушыларының белсенді және берік, саналы және бір жүйелі меңгеруді қамтамасыз етуі. Мысалы, Л.В.Занков талдаған оқытудың дидактикалық жүйесі (бастауыш мектеп оқушыларына қа- тысты) белгілі. Бұл жүйе теориялық білімдердің өзіндік салмағын артты- ру, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту, және материалды тез қарқын- мен өту қағидаларына сүйенеді.
Оқытудың екінші жүйесін Д.Б.Эль- конин және В.В.Давыдов жетекшілік еткен бір топ психологтар зерттеді. Оқытудың бұл жүйесі ойлаудың ғы- лыми теориялық түрін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл диалектикалық маз- мұнды жалпыламалар мен ұғымдар- ды (дерексізден нақтылыға) меңгер- генде ғана мүмкін. Сонымен қатар бастауыш мектепте шәкірттерде ғы- лыми, шығармашылық ойлаудың не- гіздері қаланады.
Оқыту психологиясындағы зерттеу- лердің негізгі бағыттары мектеп оқу- шыларында белсенді, өз бетімен жә- не шығармашылық ойлауын, білім- дерді шығармашылықпен қолдану- дың қабілеттілігін қалыптастырудың әдістерін іздестіруге байланысгы.
Л.С.Выготский баланың ақыл-ой да- муының екі деңгейін – актуалды даму деңгейі және жақын арадағы даму ай- мағын атап көрсетті. Ескі көзқарас- тан айырмашылығы, жақын арадағы даму аймағы туралы ілім қарама-қар- сы қағиданы ұсынуға мүмкіншілік береді, тек ол дамудан ілгерілеп, алға озып отырса сондай оқыту жақсы бо- лады. Оқытудың маңызды белгісі бо- лып табылатын оқыту дамудың таяу арадағы аймағын жасайды, демек, баланы өмірге шақырады, дамудың көптеген ішкі үрдістерін талпынды- рады және қозғалысқа келтіреді.