ОЙЛАУ – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қаты- настарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеле- нуі. Біздің қоршаған дүние туралы білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарамызды кеңейтеді. Се- бебі, ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкіндік беретін қасиет болады.
О. негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі. Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін көбіне ретсіз кездейсоқ түрде бей- нелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыс- тырып, ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Соны- мен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерек- ше психикалық процесс – ойлау негі- зінде жүзеге асады.
О. процесі елестермен де тығыз бай- ланысты. О. проблемасын қарастыр- ған А.А.Смирнов ойлау және интел- лектуалдық процестердің ассоциатив- ті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі ойлау іс-әре- кетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз – олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мы- салы, біз қазір тап болған жағдайға ұқсас оқиғаларды жиі арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда болған ассо- циациялар біздің ой мәселесін ше- шуімізде пайдаланылады. Олар бізді одан алыстатпай, оның жауабына, ше- шіміне жақындатады. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдір- генде, өзін естісін деп дауыстап сөй- лейді.
Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлел- дене түседі. О. мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы тани біледі. Ойлау- дың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шы- ғып, сөз арқылы үлкендермен қарым- қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. О. адам- ның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билей- тін – объективтік шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтыл- дыратын – оның қажеттіліктері. О. – өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ой- лау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылық- тарды, басқаша айтқанда, проблема- лық жағдаяттарды шешу барысын- да өрбиді. О. танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлау жүзеге асуының бірінші ретті форма- сы болып табылады. О. операцияла- рының барлығы (салыстыру, анализ, синтез, жалпылау; абстракция; нақты- лау, категоризациялау, жүйелеуді қа- раңыз) ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, содан соң барып, теориялық ойлау- дың операцияларына айналды. Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық операция ретінде неме- се практикалық іс-әрекеттің бір ком- поненті ретінде туындап, содан кейін барып, дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критериі болып табылады.Бірақ егер де біз бір есепті тек прак- тикалық түрде ғана шешетін болсақ, онда оның тек көрнекі жеке мазмұны- мен әрекет жасап, оны тек берілген жеке жағдаятты ескере отырып ше- шеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда қайтадан есепті шешуге тура келе- ді және тағы да бұл жеке міндетті ғана шешу болып табылады. Ал егер берілген есептің жалпыланған маз- мұнын құрастырып, оны шешудің жалпыланған тәсілін табатын болсақ, бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдай- ға сәйкес болатын, практикалық – ше- шімін ғана емес, сонымен қатар, тео- риялық та, яғни принциптік біртек- ті жағдайлардың барлығына ортақ шешімін таба алады.
Іс-әрекетпен байланыса отырып, тео- риялық ойлаудың өзі жекеден жал- пыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі болып табылады. Шынайы ойлау – ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен оның өнімнің бірлігі негізінде түсі- ніледі. О. – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ осы екі ғылым- ның ойды зерттеудегі әдіс-тісілдерін- де өзіндік айырмашылықтары бар. Мыс. егер психология әртүрлі жас шамасындағы адам ойлауының пай- да болуы, дамуы мен қалыптасу жо- лына, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бү- кіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әреке- тінің заңдары мен формаларын ай- қындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пі- кір, ой қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын зерт- тейді. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. О.- ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нә- тижесі, мұнда екінші сигнал жүйе- сіндегі уақытша жүйке байланыста- ры жетекші рөл атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деу- ге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ олардың айырмашылықтары мына- да: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жү- йесі оларды жалпылап отырады. Ой- ша байымдау (қорытынды шығару). Бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығаратын ойлау операциясы – ой қорытындылары деп аталады.