ӘРЕКТІКЕН

ӘРЕКТІКЕН (Gastrocostyle) — айлау тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Облыста бір ғана түрі – бұдыр Әректікен кездеседі. Биік. 20 – 50 см, сортаң жерлер мен құрғақ жыраларда өседі. Жапырақтарының жиегі тілімделіп, ұзынша, сопақтау келеді. Гүлдері әр жапырақтың түбіне жеке орналасады. Күлтесі көкшіл, немесе ақшыл түсті болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс береді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *