МҮШЕЛ ЖАС

МҮШЕЛ ЖАС – адамды жас ша- масына қарай атағанда, ол көбінесе мүшел жасының мөлшеріне бай- ланысты айтылады. Біз қазір адам- ның туған күнін, белгілі бір уақиға- ның 10, 20, 40, 50, 60 тәрізді дөңге- лек сандарға толған мерзімін – мү- шел жасы, мүшелді жылы дейміз, яғни атаулы күн, елеулі жыл деген ұғымда. Қазақ халқы көне дәуір- дегі жыл санау дәстүрінде адамның әрбір 12 жыл толып, 13-ші жылға аяқ басқан жасын мүшел деген. Мысалы, 13, 25, 37, 49, 61. Бұлай болып келу- дің себебі қазақтың жыл санауында әрбір жылға шартты түрде ат қойып есептеуіне байланысты. Қазақ 12 ай- ды бір жыл деп, 12 жылды бір мү- шел деп санаған. Мүшелдегі 12 жыл- ға – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз деп ат қойып, жылдың басы Тышқан болсын, жаңа жыл наурыз күнінен басталсын деп ережеге келіскен де, осы тәртіп бойынша ха- лықтық күнтізбе жасаған.

Мүшел жас – циклымен 12 ай атау- ларын бір бірімен шатастырып алмау үшін оларды есте мұқият сақтау үшін халқымыз бұларға психологиялық жағынан теңдесі жоқ тақпақ тіркес- терін ойлап тапқан. Мәселен, біздің көшпенді ата-бабалармыз жыл қа- йыру тәсілін оңайлату мақсатында мына төмендегі төрт жол өлеңді жаттаған: «Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан, Жатпа қарап, мойыма, Тайма именіп ділмардан». Мұнда әрбір сөздің бірінші әрпі жылдардың атына түйе – тышқан, сеніп – сиыр, бойына – барыс, қалған – қоян, ұмыт – ұлу, жылдардан – жы- лан, жатпа – жылқы, қарап – қой, мойыма – мешін, тайма – тауық, име- ніп – ит, ділмардан – доңыз, ал сөй- лемдегі сөздердің бір-бірімен ретті тіркестері тетелес жыл атауының тіз- бегіне сай келеді. Бірақ адам осын- дай құрғақ жаттаумен алысқа бара алмайды. Өйткені, бұл құбылыстар- дың ішкі мәнін түсіндірмейді. Естің бұл түрін тек қосалқы сүйеніш етіп, негізінен мағыналы есте қалдыруды дамытқанымыз пайдалы.

Адамды жасына қарай атауда тағы бір еске алатын этнографиялық сәт бар. Ол – бір адамның өмірін 100 жылға мөлшерлеп, оны Дәуір деп атайды. «Елу жылда ең жаңа, жүз жылда – қазан» деген мәтел сөз өл- ген адамға «дәуір садақасы» деп мол- даларға мал беріп, марқұмның өмір бойғы күнәсін сатып құтылу, кейде бір ғасыр аралығын бір дәуір деп атау содан қалған салт. Жыл санау- дың мүшелдік әдісі бір ғана қазақ- та ғана емес, басқа да шығыс елде- рінде көне заманнан бар тәсіл.

Қазақта адамның жасын айырушы- ларды «жыл қайырушы» деп ата- ған. Адамдарды жас мөлшері мен мүшелдеріне қарай атауды қалып- тастыруда жыл қайырушылардың да кейбір атау сөздері негіз болған. Олар бір адамның өмірін, яғни дәуір- ді – Жас дәурен (50 жасқа дейін), Орта жас – (70 жасқа дейін), Қайтқан кез (70-тен асқан кез) деп үшке бөліп атаған. Сонымен қатар жоғарыда айтылған мүшелді – балалық мүше- лі, жігіт мүшелі, кісілік мүшелі, кәрі- лік мүшелі, таусыншақ жас деп тағы 5 топқа бөліп қараған.

Бірінші топтағы балалық мүшелге 24 жасқа дейін, ІІ топ жігіт мүшелі- не 25 пен 37 жас арасы, ІІІ топ кісілік мүшелге 38 бен 49 аралығы, IV топ кәрілік мүшелге 50 жас пен 75 жас аралығы, V топ таусыншақ жасқа 76 жастан әрі қарайғы жастағылар кір- ген. Адамды жасына қарай атау осы бес мүшелдің аяғын 5 топқа бөлінген 8 мүшелдің ішінен шығады. Мысалы, балалық мүшел – Нәресте (2 жасқа дейін). Сәби (5 жасқа дейін. Мұны Сүндет жасы деп те атайды), Бөбек

  • (8 жасқа дейін), Қыршын (10) жас- қа дейін, Жеткіншек (13-16 жасқа дейін), Қолқанат (16-21 жасқа дейін; кейде жасөспірім де 6 шаққа бөлініп аталады. Нәресте шақ, Сәби шақ, Қолқанат шақ т.б.). Жігіт мүшелін
  • ересек шақ (естияр) – 23-25 аралы- ғы, Бозбалалық шақ – 25-30 аралы- ғын, Жігіттік шақ – 30-40 аралығы, Ағалық шақ (жігіт ағасы, от ағасы, ер ағасы, қос ағасы) – 40-50 ара- лықтарына жіктеген. Кісілік мүше- лік – «кемелденген шақ» – 60-73 аралығын, Қайтқан шақ деп – 73-80 аралығын, кәрілік таусыншақ жас 80 жастан әрмен қарай. Көшпенді өмір тәжірибесінен туындаған қазақы жас ерекшеліктерінің жіктелісі қазіргі кездегі адам жасын жіктеуге байланысты стандартқа келе бермей- ді. Сондықтан да біз ұлттық жас жік- телісін халықтық психологияның де- ректері ретінде түсінуіміз қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *