МҰХАМЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ (1499-1551) – әлемге әйгілі «Тарих- и Рашиди» («Рашидтің тарихы») төлтума еңбектің авторы. Кітап 2003 жылы Алматының Тұран бас- пасынан жарық көрді (көлемі 614 бет). Мұнда көшпенді қазақ халқы- ның психологиясы, әлеуметтік этно- графиялық ерекшеліктері кеңінен сөз болады, сондай-ақ ел басқару, дін, соғыс ісі туралы ғылыми тұр- ғыдан көңіл аударарлық түйіндер жеткілікті. Аталмыш кітапта қазақ- тың психологиялық ұғымдары көп- теп кездеседі («күнә», «қылық», «оң- тай», «ұшқыр ой», «парасат», «қиял»,
«таза ой», «тәлімше» т.б.). Ойды ке- лесі адамға жеткізу үшін оны са- рапқа салып, әр нәрсеге талдау жасау қажет… сезімге беріліп үстірт ойлау үлкен қателік… сөзің өңді болса түбі мәнді болмақ. Жақсы сөйлемек, жан- ға шырай бермек.