МҰҚАНОВ МӘЖИТ

МҰҚАНОВ МӘЖИТ (1920-1985). Қазақтың психология саласындағы бір докторы. Ол Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған. Еңбек жо- лын 1934 жылы Ақтөбеде жұмыс- шы болып бастаған. 1939 жылы Вольскідегі әскери-әуе училищесін бі- тіреді, соғысқа қатысқан. 1945 жы- лы Ақтөбедегі темір жол училищесі директорының орынбасары. Қазақ- стандағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес қосқандардың бірі – Мәжит Мұқанов. Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университе- тінде психология мамандығы бо- йынша аспирантураны тәмамдайды, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаев- тың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қа- зақ жауынгерлерінің ұлттық психо- логиясына, халқымыздың Отан со- ғысы майданында көрсеткен ерлік, батырлық қимылдарына талдау жа- сайды. Ол 1953-60 жылдар арасын- да Алматының шет ел тілдері пе- дагогикалық институтының, 1960-85 жылдары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафед- расының меңгерушісі болды. М.Мұ- қанов 1980 жылы докторлық дис- сертация қорғап, кешікпей профес- сор атағын алды. Ол жалпы психоло- гия, жас, педагогикалық, этнос пси- хологиясынан жазылған оннан аса жеке еңбектердің авторы.

Ғалымның  көп  жылдар  бойы зерт-

теуі  ақыл-ой,  интеллект мәселесі

бұлардың адамның жан дүниесінде- гі алатын орнын анықтауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға арнал- ған. Автор ақыл-ойдың өрістеп оты- руын тарихи-этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам ин- теллектісінің дамуы оның өмір сүр- ген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын қазақ елі өмірінен алынған нақты- лы деректермен дәлелдейді. Мәсе- лен, ол қазақ халқының Қазан төң- керісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономикалық жағдайына, әлеумет- тік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бір- сыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қа- лыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер арқылы сипаттайды, Ол халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жү- йелілігі) деп аталатын ғылыми атау- лар төңірегінен іздестіреді. Осы ай- тылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өз- ге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай- ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тіл- де когнитивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым батыр мен жас келіншектің арасындағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адам- дардың (тәжірибе Қытайдан келген қазақтарға жасалынған. – Қ.Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуында айналысқан кәсібі (қазақтар үшін мал шаруашылығы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшелік- терінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тә- жірибе жасауға қажет болған жағдай- да олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқы- маған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені, теорияның төркіні тәжірибеден өр- біп отырады деп түйіндейді. Зерт- теуде әр халықтың өмір сүру бары- сында, тұрмыс-тіршілігінде кездесе- тін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі заттар мен құбылыстардың түр-тү- сін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, соңдай-ақ таби- ғаттың экологиялық жағдайлары маңызды әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жаз- ба сөздің ес процесінде тигізетін түр- лі ықпалы туралы сөз болады.

М.Мұқанов жүргізген ендігі бір экспериментте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күш- ті болатындығы анықталған. Мәсе- лен, көшпенді ата-бабаларымыз- дың тыныс-тіршілігінде жазба де- ректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін қосарлай пайдалануы олардың суырыпсалма, шешендік қабілетінің күшті болуы М.Мұқа- новтың пікірінше ауызекі сөз әлде- қайда көп сақталады, өйткені ол жиі пайдаланылады. Және жұрт бұған бар ықылас-ынтасын салады, ал жазба сөздің есті онша өсірмейтін- дігі – оқыған адамның білгендерін қағазға (қойын дәптеріне) жазып алуға әдеттенгеніне байланысты бол- са керек.Автор кейбір ғалымдардың «ха- лықтардың жағрапиялық орнала- суына, ұлтына, т.б. қасиеттеріне қа- рап тілдері бай, кедей деп бөлетіні, мәселен, «түркі тілдес халықтардың тілі кедей, күрделі ойды жеткізуге икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек кейінгі кезде ғана қалыптасты», – дейтін ұшқары пікірлерін әшкере- леп, оны нақтылы фактілер келтіріп дәлелдейді. Шындығына келсек қа- зақ халқының сөз байлығы кейбі- реулер айтатындай, әсте кедей емес, қайта тілдік қоры орасан бай өрке- ниетті халықтардың қай-қайсымен болса да жарысқа түсе аларлық, да- риядай мол дүние. Мәселен, Ш.Жан- әбіловтің «Қазақ тіліндегі мал ша- руашылығының терминдері» деген зерттеуінде (1953) негізінен мал ша- руашылығымен айналысқан ата-ба- баларымыз төрт түлікке байланысты үш мыңнан аса атаулары бар екен. Соның ішінде тек түйенің өзіне ғана қарасты үш жүздей сөз кездесетіні нақты деректер арқылы көрсетілген. Соңдай-ақ қазақтың он томдық тү- сіндірме сөздігінде «көз», «бет» ұғым- дарының әрқайсысының қырық- тан астам синонимдерінің бар екен- дігі де көп жайтты аңғартса керек.

Өзінің этнос психологиясына байла- нысты көп жылғы зерттеулерін қо- рытындылай келіп, профессор М.Мұ- қанов адамның ойлау әрекеті ин- вариантты (өзгермейтін) және өзгер- мелі болып отыратындығын, мұның өзі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи дә- уірдің бір кезеңінен екіншісіне өт- кенде ойлау механизмі өзіндік ерек- шеліктеріне орай өзгеріске түсіп отыратындығы – адам интеллектісінің инвариантты жағы психология- лық дамудың алғышарты және басты тірегі ретінде яғни қоғам дамуы мен кісінің ой-өрісі шарттас болатынды- ғын, мұның дамудың барлық ке- зеңдерінде де орын алып отыратын- дығын дәлелдеп берді. М.Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауға да біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұр- ғалиев, Н.Нұртазина, т.б.) диссерта- ция қорғады. Осы салада бірер ең- бектер жазылды. Осы деректер М.Мұ- қановтың ұлттық психология са- ласында жемісті еңбек еткенінің жақ- сы айғағы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *