ӘРЕКЕТСІЗДІК

ӘРЕКЕТСІЗДІК — адам бойындағы кемшіліктердің бірі, этникалық ұғым. Ә. адамның еріксіздігін, жігерсіздігін, құндылық пен қажеттілікті жете түсіне алмайтындығын, жалқаулық пен енжарлық сияқты ұнамсыз сипаттарын білдіреді. Ә-тің бір белгісі — мойны жұмысқа жар бермейтін еріншектік. Абай “еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны” деген. Ә. ұнамсыз сипат ретінде адамның жұмыс істеу қабілетін тоқырауға душар етуімен бірге, оның ақыл-ойы мен санасының дамуына теріс ықпал етеді,әр нәрсенің, құбылыстың мән-жайын пайымдап түсінуіне кедергі жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *