МНЕМОНИКА – грек сөзі, қаз. жаттау өнері деген мағынаны біл- діреді. Жаттаудың мнемоникалық әді- сінің бірі – механикалық (мәселенің мағынасына түсінбей) есте қалдыру. Егер мағыналы есте қалдырудың мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне, олардың бір-бірімен байланысына түсіну болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар нәрселердің тек сыртқы байланысқа түседі. Мұ- ның басты шарты – қайталау. Естің бұл түрінің кей жағдайларда іске қа- жет болып қалатын кездері болады. Шет ел сөздерінің жазылуы мен ай- тылуын, қиын сөздер мен атауларды, хронологиялық даталары, көше, жер, су аттарын, телефон нөмірлерін есте қалдыру қажет болған кезде меха- никалық мнемоникалық әдіспен еске қалдырып жаттаған дұрыс.