МИДЫҢ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ ҚЫЗМЕТІ. И.П.Павлов ми қабығының негізгі жұмысы ана- лиздік, (талдау) және синтездік (жи- нақтау) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты приндиптерінің бірі екендігін көрсетіп берді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бө- ліктерін айыруда, осы жеке тітіркен- діргіштерге шартты рефлекстер жа- сауда көрініп отырады. Ал мидың синтездік қызметі жеке тітіркендір- гіштерді біріктіруден, яғни ми қа- бығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді. Мысалы, ит- тің аяғын электр тогымен тітіркен- діргенде (шартсыз тітіркендіргіш), мұны даусы әлсіз қоңыраумен нығай- татын болсақ (шартты тітіркендір- гіш), ит одан аяғын көтеріп корға- натын болады. Электр тогымен тітір- кендіруді даусы күшті қоңыраумен нығайтсақ та осындай реакцияны байқаймыз. Бұл жерде ми қабығында екі ұқсас тітіркендіргішке (әлсіз жә- не күшті коңырау) бір жауап бері- ліп отыр. Бұдан біз мидың синтез- дік қызметін көреміз.
Мидың анализдік, синтездік қызметі организмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылады. Мысалы, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әр- бір көлеңке, болмашы иіс, ауадағы болмашы қозғалыстар т.б. тамақтың не қауіптің алыс-жақын екендігін білдіретін сигналдар болып табы- лады». Жануарлар сыртқы дүние- нің тітіркендіргіштерін өте нәзік айы- ра және біріктіре алуы нәтижесінде ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігі- не қажетті нәрсені дер кезінде сезіп, өмір сүретін ортасына дұрыс бейім- деле алады.
Анализ бен синтез мидың бірімен-бі- рі тығыз байланысты, біртұтас қыз- меті болып саналады. Мидың бұл қызметі жүйке жүйесінің структура- лық дәрежесіне қарай әр түрлі си- патта көрініп отырады. Мысалы, ми қабығының кұрылысы ерекше дамып, жетілгендіктен адам миының ана- лиздік, синтездік қызметі өте күшті дамып жетілген. Тіпті кішкентай ба- ланың миының осындай қызметіне де жануарлар дүниесіндегі дамудың ең жоғарғы сатысында тұрған май- мыл миының анализдік, синтездік қызметі ешбір тең келе алмайды.