МИДЫҢ ЕКІ СИГНАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІ

МИДЫҢ ЕКІ СИГНАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІ. Осы мәселе жөнінде И.П.Пав- лов былай деп жазды: «…жануарлар үшін болмыс тек бірыңғай тітіркен- діргіштер арқылы ғана және олар- дың организмін көретін, еститін жә- не басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына тікелей баратын үлкен жарты шарлардағы іздері арқылы ғана хабарланады. Бұл біздің ай- наламыздағы сыртқы ортадан жал- пы табиғаттық және әлеуметтік ор- тамыздан (сөзді) естігенді және тү- сінігіміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл шындықтың бірінші сигнал жүйесі, мұның өзі адамға, жануарларға да ортақ болады…».

Адамның жануарлардан басты айыр- машылығы, онда еңбек пен қоғам өмі- рі процесінде дыбысты тіл (звуко- вой язык) дамып жетілген. И.П.Пав- лов сөз тек адамға ғана тән жаңа сиг- налдар жүйесі болып табылатынын, оның шартты рефлекстерді қалып- тастыруға негіз болатындығын көр- сетіп берді. И.П.Павлов: «…сөз бол- са, болмыстың екінші арнаулы ерек- ше біздің сигнал жүйемізді құрды, ол бірінші сигналдың сигналы бо- лады» …ол ешбір теңдесі жоқ кең кө- лемде, жануарлардың шартты тітір- кендіргіштеріне сан жағынан да, са- па жағынан да ешбір салыстыруға болмайтын өте күрделі тітіркендір- гіш» деген еді.Екінші сигнал жүйесі жануарлар дү- ниесінде болмайды. Жануарларда бірен-саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай ма- ғына жоқ, ол жай биологиялық қа- жеттің хабары ретінде шығып оты- рады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірден- бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапа- лық айырмашылық бар. Егер адам- дардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қа- тынастарды бейнелейтін болса, жа- нуарлар дүниесінде бұл биология- лық сипатта болады.

Сөз нақтылы тітіркендіргіш ретін- де айтылу, естілу, жазылу немесе оқу формасында келуі мүмкін. Мәселен, біз «жылқы» деген сөзді еститін бол- сақ, миымызда жылқының әр түрі- нің бейнесі пайда болады. Мұнда біз үйдегі торы байталды ғана емес, бас- қа да жылқыларды елестетеміз. Сөй- тіп, «жылқы» деген сөз жеке бір жа- нуарды білдірмей, толып жатқан біртектес жылқы малының бейнесін туғызады.  Өйткені  бұрын біздің

«жылқы» туралы хабарымыз болған- дықтан, осы сөзді естігенде ол миы- мызда қайта жаңғырады. Сондықтан И.П.Павлов адамның басқа біреуден еститін не өзі айтатын сөздерін «сиг- налдардың сигналы» деп атаған. Бізге сөздің тек дыбысы ғана әсер етпейді, адамға ең алдымен оның мағынасы, мазмұны әсер етеді. Мә- селен, маймылдар жиырмадан аса түрлі дыбыстар шығара алады. Бі- рақ бұл дыбыстар сигналдық қыз- мет  атқара  алмайды.  Өйткені, мұндағы дыбыстардың ешқандай мағы- насы болмағандықтан нақтылы ті- тіркендіргіштер ретінде тиісті жауап реакциясын туғызбайды.

Адамдарда екі сигнал жүйесінің қатарынан болуы адамға бейнелеу тәсілінің ең жоғары түрі тән екенді- гін көрсетеді. Адамның сөзі барлық нақтылы тітіркендіргіштердің ор- нына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан қозулар мен тежелулер туғыза- ды. Сөз тек жеке, жалғыз, нақтылы зат туралы ғана хабар беріп қоймай, толып жатқан біртектес заттарды да білдіреді. Сөз арқылы ой қорытын- дыларын жасауға, абстракті түрде ойлауға, түрлі ұғымдарды қалыптас- тыруға мүмкіндік туады. Екінші сиг- нал жүйесі (сөз) адамды тәрбиелеу- ге де, ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе жинауда да зор маңыз алады.

И.П.Павлов адамдардың сигнал жү- йелері бір-бірімен үнемі тығыз бай- ланысты, екініші сигнал жүйесі адам- ның тарихи даму процесінде туған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжы- рымдады.

Адамның сигнал жүйелері даму- дың, оқу-тәрбиенің барысында қа- лыптасады. Сөздік сигналдар адам- ның айналасындағы қоршаған дү- ниемен белсенді қарым-қатынас жа- сауының арқасында біртіндеп қор- ланып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *