МИ БИОТОКТАРЫ – күрделі жан қуаттарының ми жарты шарларын- дағы интеграциялық құрылымының моделі. Мида бір-бірімен тығыз бай- ланыста қызмет ететін үш блок бар. Оның бірі – энергетикалық ми тону- сы деп аталады. Бұл сырттан келіп түсетін ақпараттарды алғаш елеп-ек- шеп талдайтын блок. Екінші блокта сезім мүшелерінен (көру, есту, сипап сезу және т.б.) алынған ақпараттар өңделіп, сұрыпталып, әрі қарай сақ- тауға жағдай туғызады. Олар ми сы- ңарларының желке бөлігінде орна- ласқан. Адамның ойлау, қиял, ес процестерінің бір-бірімен байланысына аталмыш блок елеулі рөл ат- қарады. Үшінші блок – жан қуат- тарының (процестер) ағысын бағ- дарлап, оларды реттестіру, басқару ісімен айналысады. Ол ми қабығы- ның маңдай бөлігінде орналасқан, саналы тіршіліктің әртүрлі себепте- рін (мотив), мақсат-мүдделерін, іс- әрекеттің нәтижесін байқаумен де шұғылданады. Ми блоктарының қыз- метін академик А.Р.Лурия негізін салған нейропсихология ғылымы зерттейді.