МИ – орталық жүйке жүйесінің жо- ғарғы бөлігі. Ол оң және сол жарты шарлардан (ми сыңарлары) тұрады. Оның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат (ми қабығы) бар. Ми үш блоктан тұрады. Оның біріншісі – энергетика- лық (сырттан, іштен ақпарат түсе- тін), екіншісі – ақпаратты қабылдап, өңдеп сақтайтын, үшіншісі – бағдар- лау және бақылау жасайтын блок- тар. Мида көптеген жүйке орталық- тары (көру; есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм және т.б.) бар. Мысалы, оның желке бөлігінде көру орталығы, са- май бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Бұлардың жалпы саны 200-ден ас- там. Ми бірыңғай тұтас мүше; ол бей- не қабылдағыш аспап тәрізді, онда- ған талдағыштардың ядросынан тұ- рады. Мида бірнеше қабаттар бар. Мұн- дағы жасушалар атқаратын қызме- тіне қарай әртүрлі болып келеді. Жал- пы саны 16 миллиардқа жуық жүй- ке талшықтары сезім мүшелерімен бүкіл денемен байланыстырып тұ- рады. Мидың ең төменгі бөлімі – жұлын (ең ескі ми), оның жалғасы – сопақша, оған жалғас ортаңғы, со- сын аралық және ми қабығының ас- ты (ретикулярлық формация) болып бөлінеді. Ми сырт жағынан орай, төбе, самай, желке дейтін бөлімдер- ден тұрады. И.П.Павлов мидағы қо- зу мен тежелу процесінің заңдарын ашқан. Бұлар алғаш пайда болған жермен жайылып (иррадиация), ке- йіннен шоғырланып (концентрация) отырады. Қозу мен тежелу өзара ин- дукция заңы бойынша мидың бір алабында қозу процесі туса басқа бір алабында тежелу процесі туын- дайды.