Тəңір жақсылықты да, жамандықты да жаратады
(Мұхаммед ғ.с.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, Оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Юныс сүресі, 107)
Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал жəне кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нəрсені толық білуші.
(Тағабун сүресі, 11)
Əркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ Бізге қайтарыласыңдар.
(Əнбия сүресі, 35)