Тəңір қалағанын іске асырады

Тəңір қалағанын іске асырады

 Олар тозақта көктер мен жердің тұруынша мүлде қалады. Бірақ, Раббың қаласа басқа. Шынында, Раббың қалағанын толық орындаушы.

(Һуд сүресі, 107)

(Мұхаммед ғ.с.) сондай өздерін тап-таза етіп көрсетіп жатқандарды  көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла қаласа тазартады.

Оларға  қылдай  əділетсіздік  етілмейді.

(Ниса сүресі, 49)

Күдіксіз, Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Шынында, Алла қалағанын істейді.

(Хаж сүресі, 14)

 Раббыларың сендерді жақсы біледі. Қаласа мəрхамет етеді де, қаласа азаптайды. Сені оларға қорғаушы  етіп  жібермедік.

(Исра сүресі, 54)

Расында, көктер мен жердің əкімшілігі Аллаға тəн екенін біл медің бе? Кімді қаласа жазалайды да, кімді қаласа жарылқайды. Əрі Алланың əр нəрсеге күші  жетуші.

(Мəидə сүресі, 40)

Жəне сондай аяттарымызды жалғанға санағандар саңырау, сақау əрі қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа, оны  тура  жолға  салады.

(Əнғам сүресі, 39)

«Егер Алла сендерді қаңғыртуды қаласа, сендерді үгіттеуді қаласам да үгітім сендерге пайда бермейді. Ол сендердің Раббыларың. Сол  уақытта  оған  қайтарыласыңдар».

(Һуд сүресі, 34)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *