МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – жеке «Мен» түсінігінен алынған, ұйым- дастырылған когнитивті құрылым. Бұл құбылыстың бес функциясын бө- ліп көрсетеді: өзіндік жекелікті анық- тау; өз қызығушылықтар, симпатия- лары мен антипатияларын анықтау; жетістікке жетудегі мақсаттарын анық- тау; орталығында индивидтің өзі бар қатынастар жүйесін анықтау: өзін-өзі бағалау. М.т. – адамның қоршаған ортамен әрекеттесуі негізінде қалып- тасқан, өзін-өзі қабылдаудың, өзін- өзі түйсінудің, өзін-өзі субъект ре- тінде анықтаудың тұрақты жүйесі. Ол салыстырмалы тұрақты, көп- түрлі Мендерден, адамның өзіне ба- ғытталған бағдарларынан тұрады.. Жүйе ретінде М.т. тұлғаның өзіне- өзі жағымды қатынас негізінде іске асатын, өзін-өзі таныту процесінде дамып, жетіледі. Мен тұжырымдама- ны жүйелі зерттеген психолог-ғалым Р.Бернс. Мен тұжырымдаманың ке- лесі құрауыштарын бөліп көрсет- кен: когнигивтік, яғни адамның өзі жөніндегі білімдері; эмоциялық – өзінің психологиялық көңіл күймен, өмірлік жағдайымен қанағаттану дә- режесі; бағалаулық, яғни тұлғаның өзі жөніндегі білімдері негізінде өзін- өзі танып, білуі. А.В.Иващенко М.т.н тұлғаның ішкі дүниесінің негізгі өзе- гі, адамның тұлғалық дамуының нә- тижесі ретінде қарастырған. Мен тұ- жырымдаманың реттеу, бейімдеу, қорғаныс, талаптану және өзін-өзі көрсету сияқты қызметтері іс-әре- кетті, танымы, қарым-қатынасты, мі- нез-құлықты мақсатқа бағытталған түрде ынталандыруға және реттеуге, тұлғаның өз-өзіне және сыртқы дү- ниеге қатынастарының үйлесімділі- гін табуға бағытталған.