МӘН – іс-әрекет пен қарым-қаты- настың бірлігі арқасында тұлғаның шындықтағы құбылыстарды жалпы- лай алуының нысаны. Мұнда жеке тұлға қоғамдық-тарихи тәжірибені, түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құнды- лықтар мен нормаларды меңгеруге мүмкіндік алады. Олардың жекеле- ген мағынасын психикалық үрдістер (қабылдау, ес, ойлау, қиял т.б.) мен мі- нез-құлқының түрлі актілері арқы- лы бейнелеп отырады. Мұндайда нәр- сенің мәнін меңгеруде адамның сөз- ді, формуланы, сызбаны, өрнекті, кес- тені және т.б. белгілерді пайдалануы ерекше маңызды болады.