ЛИДЕР – басшы, жетекші. Топта, ұжымда, әдетте жетекші міндетін ат- қаратын бір адам. Әлеуметтік психо- логияда мұндай адамды «лидер» деп атайды. Л. топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Л. әдетте топтың іс әре- кеті жайлы, оның құрамы мен мүм- кіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынас- та өзін еркін, сенімді ұстайды.Психологиядағы зерттеулерде лидер- дің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған:
а) ол топ алға қойған мақсатқа же- тудің жолдары мен құралдарын жос- парлайды,
ә) топ мүшелері арасында атқарыла- тын іске жауапты адамдарды бел- гілейді,
б) егер топтың алдына маңызды іс- керлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады, в) топ мүшелерінің әлеуметтік белсен- ділігін дамытады.
Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірне- ше типі болатынын көрсетті:
Бірінші типі. Л. жағдайға байланыс- ты өзін танытады. Мыс., оқушы сы- ныпта музыка викторинасын ұйым- дастырып, өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбырада, гитарада, пианинода, ак- кордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзі- нің дарыны мен шеберлігін көрсет- ті. Ол – лидер. Ал басқа жағдайда ол ұжымның қатардағы мүшесі бо- лып қала береді.
Екінші типі. Сан алуан істерді атқа- ру кезінде ұжымның басқа мүшеле- ріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер болады. Мыс., сынып сонда түнейтін болып, тоғайға турис- тік жорыққа шықты делік. Л. оқушы соны әзірлеуге қатысады, топты қа- жетті құрал-жабдық, азық-түлікпен қамтамасыз етуге басшылық етеді, ав- токөлік табуға әрекеттенеді, жорық- та өтетін ойын-сауықты әзірлейді т.б. Ол сондай-ақ еңбек ардагерлері, Ұлы Отан соғысына қатысқандармен кездесу ұйымдастырады, көрші сынып немесе мектеп оқушыларымен спорттық ойындардан жарыс өткізу- ге келіседі. Алайда оның лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана бола- ды. Іс тәмамдалған соң оның лидер- лігі де шектеледі.
Үшінші тип. Оқушы өзінің лидерлік қабілетін іс-әрекетінің көптеген са- ласында ұзақ уақыт бойы сақтайды: бұл сынып старостасы, мектептегі жастар ұйымының хатшысы т.б. Топ, ұжым лидерін аты әйгілі адамдар ұғымымен барабар деуге болмайды. Зерттеулер бір адамның бойында лидерлік пен әйгілі болу қабілеттерінің екеуі де болуы мүмкін екенін көрсете- ді. Мұндай үйлесім топтың, ұжым- ның атқаратын ісіне игі әсер етеді. Дегенмен бұл жерде алшақтық та кез- десіп, лидер бір адам, әйгілісі екін- ші адам болуы мүмкін. Мектеп прак- тикасында сынып старостасына, не болмаса жастар ұйымының басшы- лығына әйгілі емес оқушыны сайлау жиі кездеседі. Демек, лидерлік әй- гілі болудан гөрі басқа себептерге не- гізделетін болса керек (арнайы зерт- теулер жүргізіледі).
Л. (жетекші) – әлеуметтік топ мү- шесі, оның психологиялық ықпа- лындағы топ мүшелері оның беделі мен жетекшілік қасиетте сөзсіз мойын- дайды және оның жолымен жүруге дайын болады. Л.- топ мүшелері оған топтың мүддесін қозғайтын және бүкіл топтың іс-әрекетінің бағыты мен сипатын анықтайтын жағдаят- тарда жауапты шешімдерді қабыл- дауға құқық беретін, топтан өз ақы- лы, өжеттілігі және жауапкершілігі- мен беделді топ мүшесі. Л. – бірлес- кен іс-әрекетті ұйымдастыруда жә- не топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық рөлді атқа- ратын тұлға. Психологияда Л. келесі түрлерін бөліп, жіктейді: 1) іс-әре- кет мазмұны бойынша – шабыт бе- руші Л. мен орындаушы Л.; 2) іс- әрекет сипаты бойынша – әмбебап Л. мен жағдаяттық Л.; 3) іс-әрекет бағыттылығы бойынша – эмоциялық Л. және іскер Л. т.с.с. Бір адамның бір уақытта Л. және басшы болуы міндетті емес. Егер бастық көбінесе сайланатын болса және оның мадақ- тауға және жазалауға ресми құқығы болса, ал Л. кездейсоқ таңдалады. Ол топтан өзге ешқандай биліктік күшке ие болмайды. Оған ешқандай ресми міндеттер жүктелмейді. Егерде Л. мен басшы бір адам болмай, бірақ өза- ра тату болса, онда топтық іс-әрекет үйлесімді әрі тиімді жүзеге асады. Ал егер араларында түсініспеушілік болса, онда бұл көбінесе топішілік конфликтіге әкеледі. Ал мұның өзі топтың даму деңгейімен тікелей бай- ланысты болады. Л-лік (жетекші- лік) – тұлғааралық қатынастардағы доминанттылық.