Құран жайында ойлану  

Құран жайында ойлану  

(Мұхаммед ғ.с.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік. Аяттарын түсінсін əрі ақыл иелері үгіт алсын.

(Сад, 29)

Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?

(Қамар, 17)

Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін жəне шын мəнінде Алланың жалғыз Тəңір екенін білсін. Əрі ақыл иелері үгіт алсын.

(Ибраһим, 52)

Əрине, пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ, өзінен бұрыңғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін əр нəрсені ашықтай тын тура жол жəне игілік.

(Юсуф, 111)

(«Алиф, лəм, мим». Құран Кəрімде бірнеше сүренің басындағы осы тəрізді жеке əріптер: «Хұрұф мұқаттағат» бөлшек əріптер деп аталады. Ұғымын Алла біледі). Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден Алла  жолында  пайдаландырады.

(Бақара, 2-3)

Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз немесе көп тұруда еріктісің). Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған).

(Муззаммил, 4)

Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, əрине, онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.

(Ниса, 82)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *