Құранды қалай жатқа оқу керек   

Құранды қалай жатқа оқу керек   

Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сыйын. Шын мəнінде, иман келтіріп, Раббыларына тəуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды.  Шынында, оның үстемдігі, оны дос тұтып, Аллаға серік қатушыларға ғана жүреді.

(Нахыл, 98-100)

Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол шындық бойынша түсті.

(Мұхаммед ғ.с.) сені   қуанту, ескерту  үшін ғана жібердік. Біз Құранды адамдарға тоқырап (тоқтап) оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап  түсірдік.  (Мұхаммед ғ.с.): «Құранға мейлі сеніңдер, мейлі сенбеңдер, бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған сəтте етпеттерінен сəждеге жығылады» де. Олар: «Раббымызды пəктейміз. Əрине, Раббымыздың уəдесі орындалады»,– дейді. Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады. (Бұлар Кітап иелерінен мұсылман болғандар).

(Исра, 105-109)

(Мұхаммед ғ.с. Құран  уахи  етілген сəтте тездетіп оқуға тырысқан). (Ей, Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. Шын мəнінде, оны жинау, оқу Бізге міндет. Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. Сонан соң оны түсіндіру Бізге міндет.

 (Қиямет,16-19)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *