Құран жанашырлық пен төзімділікті бұйырады

Құран жанашырлық пен төзімділікті бұйырады

Негізінде, Алла əділетті, игілікті жəне ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, қарсылықтан жəне зорлықзомбылық жасаудан тыяды. Сендерге насихат береді. Əрине, түсінерсіңдер.

 (Нахыл, 90)

Көркем сөз  жəне кешірімділік  артынан бұлдану, кейіту араласқан  садақадан  жақсы. Алла бай, жұмсақ.

 (Бақара, 263)

Егер  бір жақсылықты  ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не бір жамандықты  кешірсеңдер, сонда күдіксіз, Алла аса кешірімді, тым  күшті.

(Ниса, 149)

(Мұхаммед) кешірім  жолын ұста жəне оларға туралықты əмір ет.

Сондай-ақ  білместерден  (надандардан) бет бұр.

(Ағраф, 199)

Бір  жамандықтың  жазасы  өзіндей  ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп жарасса, онда оның сыйлығы Аллаға тəн. Күдіксіз, Ол залымдарды жақсы көрмейді. Əлбетте, біреу зұлымдық көргеннен кейін өшін алса, сонда оларға сын жоқ.  Шынында, сөгіс адамдарға зұлымдық  қылып, жер жүзінде орынсыз шектен шыққандарға лайық. Міне, солар үшін  жан түршігерлік азап бар. Əрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.             

(Шура, 40-43)

Сондай зор күнəлардан, арсыздықтардан сақтанған, сондай-ақ ашу кернеген кезде өздері кешірім еткендер (яғни, бұл мүміндердің сипаты).                                                                                     

(Шура, 37

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *