(
Анық əрі түсінікті тілде
(Мұхаммед ғ.с.) Құранды ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді ескертуің үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.
(Мəрям, 97)
(Мұхаммед ғ.с.): «Ол сендерге егжей-тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?» (де) Жəне сондай Кітап бергендеріміз, ол (Құран)-ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, əсте күдіктенушілерден болма.
(Əнғам, 114)
Сөйтіп, Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. Рас, Аллақалағанын тура жолға салады.
(Хаж,16)
Алла сендерге аяттарын ашық баян қылады. Əрі Алла толық білуші, аса дана.
(Нұр, 18)