БАЛАЛЫҮЙРЕК

БАЛАЛЫҮЙРЕК з а т. – Екінші саусақ; сұқ саусақ; балан үйрек. Онан соң «басбармақ, б а л а л ы ү й р е к, ор- тантерек, шылдыршүмек, кішкенебөбек» деп бес саусақты бір-бірлеп бүктіреді (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 31).
… Саусағын ұстай алып, соза тартты… Басбармақ, б а л а л ы ү й р е к, ортантерек, шылдыршүмек, кішкенебөбек (Х. Əдібаев, Таңбалы., 202). Бүгіле қалған б а л а л ы ү й р е г і н Елеукенің ұстарамен қырылған айнадай басына ойнатып-ойнатып алып еді, Елеуке басын қалқалап: — Атама айтам! – деді (М. Қабанбаев, Жиһанкез., 165).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *