ӘНШІ БАЛАПАН

“ӘНШІ БАЛАПАН” — халықаралық өнерлі балалар фестивалі. Алғаш 1990 ж. 6 мамырда ұйымдастырылды және сол күні Қазақ теледидарынан тікелей эфирге шығарылды. Содан бері “Ә. б-ға” респ-ның барлық облыстарының 4—16 жас аралығындағы өнерлі балалары қатысты. Олар Болгария, Үндістан, Полына, Ресей, Түркия, Швеция, Финляндия, Франция, Эстония елдерінде өнер көрсетті. Фестивальда тұңғыш та- нылған жас өнерпаздар кейін беделді халықар. байқаулардың жүлделерін жеңіп алды. 1998 ж. 24 — 27 қыркүйегінде “Ә. б.” халықаралық фестиваліне Италия, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, т.б. елдерден өнерлі балалар қатысты. Сөйтіп фестиваль халықар. дәрежеге көтерілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *