ӘНЕТ БАБА

ӘНЕТ БАБА (1628 — 1723) — “Жеті жарғыны «құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтады, бірақ оған мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, “енді тентегіңді сен де өлтір” деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Ә. б. “Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады.

1723 ж. көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел “Ақтабан шұбырындыға ” ұшыраған кезде Ә. б. жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, жерлейді. Ә. б-ның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *