ЛАБИЛДІК – (лабильность; лат. labilis – сырғығыш, орнықсыз, ор- нықсыздық) – жүйке жасушасы не функциялық құрылым уақыттың бір өлшемінде бұрмаламай бере алатын импульстердің ең көп саны. Л. тер- минін Н.Е.Введенский ұсынған. Дифференциалдық психологияда Л. жүйке үрдістерінің пайда болуы мен тоқтауын сипаттайтын жүйке жүйе- сінің қасиеттерінің бірі болып табы- лады. Л. (өзгергіштік, орнықсыздық) – жүйке процестері – импульстердің пайда болуы мен аяқталу жылдамды- ғын сипаттайтын жүйке жүйесі қа- сиеттерінің бірі.