ҚҰНАНБАЕВ АБАЙ (ИБРАҺИМ)(1845-1904) – қазақтың аса көрнекті, ағартушы-демократ, кемеңгер-ойшыл, философ ақыны. Оның шығармашы- лығында психологияның негізгі мә- селесі – жан мен тәннің арақатына- сы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқа- ратын қызметі, сондай-ақ бала психо- логиясы мен қоғамдық, ұлттық пси- хологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жас дең- гейіне байланысты ерекшеліктер, әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы оқу мен үйретудің психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық, т.б.) көрініс тапқан. Ол бұларды талдап талқылағанда адамның психология- лық өмірінің қыры мен сырына жара- тылыстық-ғылыми тұрғыда түсі- ніктеме бере қоймайды. Алайда, Абай тұжырымдарының ауқымы мен те- реңдігі – оның әлем психологтары- ның еңбектері мен таныс болғанды- ғын айқын дәлелдейді. Нақтырақ айтсақ, оның психологиялық көзқарас- тары Аристотель, әл-Фараби көзқа- растарымен астарласып жатады. Оның таным процесіне байланысты ма- териалистік түсініктері Аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғым- дармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұ- ман – алдыңдағы келер заман», т.б. өлеңдерінде ойшыл ақын адамның тәні ғана өледі, ал жаны ешқашан да өлмейді деп тұжырымдайды.
Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатынды- ғы туралы: «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби», – дейді. «Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек»,- деп, Абай адамның ішкі жан-дүниесінің ақыл, сезім жә- не қайрат секілді қуаттарын біртұтас етіп алады. «Он жетінші сөзінде» (қайрат, ақыл, жүректің сөз таласты- руы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицисти- калық тұрғыдан көрсетпек болады. Ойшыл ақын негізгі үш бастау-ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-қайшы- лықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлел- дері терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, әділдік, қайы- рымдылық, елгезектік, қатыгездік,реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қу- лық т.б.) оқырманды қайран қалды- рады.
Абай адамның танымдық қасиетте- рінің табиғатын ғылыми материалис- тік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну жә- не түйсіну мәселелерін де дәл осы ба- ғытта талдайды. Ақын сыртқы дүние- нің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта ке- ліп: «Құлақ болмаса не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – еш- бірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан кел- мес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дү- ниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?», – деп көрсетеді. Алайда сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын, т.б.) мимен байланысты дей- тін ғылыми түсінікке ол бара қоймай- ды. Бірақ түйсіну, қабылдаудың бас- қа да танымдық құбылыстармен, дә- лірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсіктермен байланысты еке- нін ашып айтады. Осыған байланыс- ты Абай: «Ол хабарлардың ұнамды- сы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз су- ретіменен көңілге түседі», – деп жа- зады. Ақын: «Сыртын танып іс біт- пес, сырын көрмей, Шу дегенде құ- лағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей, Таң қаламын ал- дыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей, – деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды ар- найы айтпағанмен психологиялық құбылыстың мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жи- ған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сөзді түсіну қиын деп дұ- рыс тұжырымдайды.
Ақынның ес туралы пікірлері де қыз- ғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастық себептер» деген психологиялық атау енгізген. Ол осы- ған орай «Отыз бірінші сөзінде»: «Ес- тіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түр- лі себеп бар: әуелі – көкірегі байлау- лы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде иә көргенде ғиб- ратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойла- нып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салын- бау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, иә бір қайғыға салыну, иә бір нәрсе- ге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылым- ды тоздыратұғын нәрселер», – деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ре- нішті, қуанышты көңіл күйлерін та- ну барысындағы естің маңызы жай- лы айта келіп, адам «…сөзді есіткен- де шайқақтап, шалықтанып, не сал- бырап, салғырттанып естісе, не есіт- кен жерде қайта қайырып сұрап ұға- йын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға бе- ріп қайта қалпына кетсе, естіп-есіт- пей не керек», – деп түйіндейді.
Ақын шығармаларынан тек адамға ғана тән жан қуаттарының негіздері – сөз бен қиял хақындағы пікірлерін жиі кездестіруге болады. Абай: «Ақыл- ды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек», – деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең, ақылды адамдарды жоғары ба- ғалайды. Ақын: «…Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар. Оның бірі – мұлахаза (ойлау, пікір алысу)…, екін- шісі – берік мұхафаза (сақтау, қор- ғау)… Бұлар зораймай, ғылым зорай- майды» – деп жазды. Абай жан қуат- тарын адамдардың бір-бірімен жәй түсінісуі ғана емес, сонымен қатар олардың көңіл күйіне, бүкіл психоло- гиясына әсер ететін күшті құрал ре- тінде түсінеді.
Адамның сан алуан қызыққа толы, сезім әлемі ақын шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі. Адам- ның ішкі жан-дүниесін оның үш қы- рымен (ақыл, сезім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте, се- зімнің аса маңызды қызмет атқара- тынын көрсете келіп, кісінің рухани дамуы үшін ең алдымен жан-дүние- сі бай, сезімтал болуы қажет дейді. Ақын адамның адамгершілік, иман- дылық, моральдық, эстетикалық сезім- деріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарытуда адам жа- ман мінездерден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «…Ғы- лымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сө- зіне, иә бір кез келген қызыққа шай- қалып қала берсең, мінездің берікті- гі бұзылады»,- деп ескертеді.
Ақын қағидаларында қоршаған әлем- ді тану үшін адамға алдымен – «не көрдің, естідің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып…» алу; екінші –
«…бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тек- серерсің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарласып білмей, тыншыт- пайды», – деп көрсетеді. Абай сезім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін былайша түсіндіреді. «Адам- ның қуаты, өмірі бірқалыпта тұр- майды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», – деп, табиғат қана емес, адам да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше кө- ңіл аударады.
Абай адам мен жан-жануарларды салыстырып келіп: «қай егіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сай- ман жасап, сыпайылық, шеберліктің үдесінен шығар қисыны бар?» – адам- ның хайуанаттан басты айырмашы- лығы қоғамға қызмет етуінде деп түсіндірді. Ол жастарды білім-ғылым- ға шақыра отырып, тек қажырлылық- тың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Абайдың түсінігінде құмар- лық ғылым жолында табысқа жет- кізетін ең күшті сезім: «…білім-ғылым- ның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білместіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уа- қытта көңілде бір рахат хұзур хасил (тыныштық, рахатшылық) болады»,
– дейді. Білімге ынтық сияқты құмар- лықтың да адамның жасампаздық қызметін арттыра түсері сөзсіз. Ақын, сондай-ақ, біржолата құмарлық би- леген адам тап сол сәтте қай нәрсенің аса маңызды екенін аңғармай, тек же- ке басын күйттеп кетуі де мүмкін дейді. Егер құмарлық ақыл таразы- сын басып кетсе, ол жемісті еңбек ету- ге кедергі келтіреді, кейде құбылыс- ты теріс бағалауға әкеп соқтырады:«Әрбір құмарлық өзіне бір дерт бо- лады екен, әр түрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки, әне-міне, же- тер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен» – деп суреттейді.
Абайдың ойынша құмарлық жаңа- дан білім алуға көмектессе ғана адам- ның рухани өсуінің қуатты күшіне айнала алады. Адамның көңіл көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бі- рі – қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі.
«Әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлесің, оның жақсылықты жақсылығынан тапқан- дығын ғибрат көріп күл», – дей оты- рып, қуаныштың ғана шын көңілден күлкі шығаратынын меңзейді. Ақын сонымен қатар: «…қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай- бай күлкінің әнін әндеп, әдемілік үшін күлетін бояма күлкінің» қажетсізді- гін еске салады. Күлкі, қуаныш тура- лы ойын жалғастыра келе, Абай:
«Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ер- ме», – деп жастарды басына іс түскен- де сары уайымға беріліп, жүнжіп кет- пей, өмірге құштарлығын жоғалтпау- ға шақырады. «Әрбір орынды хара- кет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орын- ды харакетпен азайт!», – дейді Абай. Өзінің қадір-қасиетін, өмірдегі ор- нын білетін саналы адамның қай- қайсысында да мақтаныш сезімі бо- лады. Абай мақтанышты адамның өркөкіректік, мақтаншақтық, мен- мендік сияқты мінездің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды. Мақта- нышты үлкендіктің, кісіліктің баламасы деп түсінген ақын: «Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Мысалы, надан атанбасты- ғын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз атанбасты- ғын, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұ- раншақ, өсекші, өтірікші алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылық- тардан сақтанып, сол мінездерді бо- йына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылды- лардың, арлылардың мінезі», – деп тұжырымдайды.
Ашу – Абай түсінігінде негізінен жағымсыз сезім. Ол ашуды екі тұр- ғыдан қарастырады: біреуі – оқыс қимылдар мен ащы сөздер арқылы сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдыр- май тез тарқап кетеді де, екіншісі – сыртқа шықпай, жасырын қуатын ішке бүгеді. Ашу туралы ойларын ақын: «Ашулы адамның сөзі аз бол- са, ыза, қуаты артында болғаны. Егер- де аузынан қара қан ағызса, домбыт, мақтаншақ, иә қорқақ», – деген қа- натты сөздермен түйіндейді. Адам- ның ең асыл қасиеттерінің бірі – ар- ұят, арлылық, ождандылық. Абайдың түсіндіруінше ар-ұят адамның іс әре- кетімен тығыз байланысты. «Отыз алтыншы сөзінде» адамның осы се- кілді қастерлі сезімін ол былайша сипаттайды: «Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар надандықтың ұяты… ұялмас нәр- седен… ұялу – ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, иә ақылға теріс, иә абиүрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұн- дай ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің… Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, иә ақылға, иә абиүрлы бойға теріс, иә адамшылық- қа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шық- қандығынан болады». Абайдың пі- кірінше, өзіне-өзі сын көзімен қарап, өзін тізгіндей білген адам келеңсіз қылықтардан аулақ жүріп, әр қада- мын ұят таразысына сала алады.
Адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі – ерік-жігер, қа- жыр-қайрат. Ерік-жігер адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайда- сыз құмарлықтардан қорғайды. Абай:
«Жан қуаты деген қуат бек көп нәр- се… Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар… ол жоғалса, адам баласы хайуан болады, адамшылықтан шы- ғады… ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұ- зылмасын» – деп адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік- жігері мен қажыр-қайратының ғана көмектесетінін еске салады.
Адамның бірқатар жағымды да, жа- ғымсыз қасиеттерін көрсете келіп, олардың табиғатын түсіндіруге ты- рысады… «Тиянақсыз, байлаусыз бай- ғұс қалпың, Не түсер қу күлкіден жыр- тың-жыртың», – деп тиянақтылық пен ұстамдылықты адам мінезінің жақсы қасиеттеріне жатқызады да, елі, халқы үшін уайым жеу ер азамат- тың жақсы қасиетінің бірі, сондай- ақ жігіт адам кеңпейіл, шамасы кел- се, мырза, дархан келеді, босқа еліріп, елпектеп жүру – жақсы адамның ісі емес дейді: «Уайым – ер қорғаны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық. «Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар, Бұл – бес күндік бір майдан ер сынарлық», – дейді. Ол нағыз уайымның өзін ұстамдылыққа бастайтын, кісіні орынсыз желөкпе- ліктен сақтандыратын жақсы қасиет- ке балайды. Осындай қасиет қазіргі кезде егемендігі мен тәуелсіздігін алған қазақ азаматтарына қатысты сипат болса құба-құп. Табанды адам ешқандай кедергіге қарамастан көз- деген мақсатына жетеді, бұл одан рухани қуаттылықты, төзімділікті және қажырлылықты талап етеді. Осындай кісі ғана өз дегенінде тұрып,
«көштің соңынан итше ере бермей,
…әділетті, ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындауға…» бара алады.
Абай бала мінезінің қалыптасуы жөр- гектен басталатынын айта келіп, бұл жөнінде «Жетінші сөзінде» былай дейді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады… Біреуі
– білсем екен демелік… Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» тұжырымнан жақсы байқалады. Абай бала психо- логиясының басты ерекшелігі – бі- луге құштарлық деп есептейді. Өсе, ержете келе, тәрбие құралдары арқы- лы бала жанына жақсылық ұрықта- рын егіп, игі сезімдерге, адамгерші- лікке тәрбиелеуге болады. Ақын ба- ла мінезін қалыптастыруда ата-ана- сының, ұстаздарының, құрдастары мен достарының үлгі-өнегелері мен тәрбиесінің маңызы зор деп дұрыс түйіндейді. Осы айтылғандар және жеке басының ерекшеліктері жайлы айтқан психологиялық пайымдаула- ры өзінің ғылыми тереңдігі мен ерек- ше бағалы.
Абайдың психологиялық көзқарас- тары жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана шек- телмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әр түр- лі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жұр- тының мінез-құлқын, көңіл күйін, іс- әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, та- лап-талғамын, салт-санасын жақсы білді. Оның шығармаларынан мінез- құлықтары сан алуан адамдардың (бай, болыс, атқамінер, т.б.) психо- логиялық бейнесі тамаша көрініс тапқан. Ақын осынау әлеуметтік топ- тардың барлығына толыққанды, көркем бейнелі сипаттама беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың әлеуметтік-психологиялық мәнін де ашып көрсетеді. Ол көшпелі халық- тың өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, қа- зақтың рухани мәдениетіне қатысты деректерді жан-жақты пайдаланды. Абай жасаған қазақ қауымының түр- лі топтарының өкілдері жайлы пси- хологиялық сипаттаманы шын мәні- сіндегі өміршең де әділ тұжырым деп бағалауымыз абзал.
Абайдың психологиялық мәселе- лерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің міндеті – адам өмірін олардың көңіл күйі мен іс-әрекет- терін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне орай қалыптасқан. Ол поэзия саласындағы талант ие- лерінің психологиялық қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылық- тарын жете зерттеуі керектігіне зор мән берді. Ол өнердің кез келген түрі адамның белсенді шығармашылық қызметінің барысында қоршаған ор- та шындығынан нәр алып, мазмұн- дық жағынан байи бермек деп есеп- теді. Ән мен күй, өлең мен музыка қа- зақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте заманнан-ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған дүниелер. Қуаныш пен қай- ғы, өмір мен өлім, жастық пен кәрі- лік – бәрі де әнде бейнеленеді, сонда көрініс табады. Ән сырға толы, адам- ды шаттық пен қуанышқа бөлеп бо- лашаққа жетелейді, жабыққанда жұ- батады, шаршағанда демеу болады. Әнсіз өмір жоқ. Ол жүрек қылын шер- тіп, толғандырады, қиялына қанат бітіреді. Адам әсем әнді жылы сезі- мімен, бар ықыласымен, жүрегімен қабылдайды. Тек шын жүректен шық- қан ән ғана тыңдаушысын толғантып, қуанышқа бөлейді. Абай ән мен му- зыканы адамның әсемдікке деген құлшынысын қанағаттандыратын аса маңызды құрал, оның рухани да- муының негізі деп есептеді. Ол өзі де соңына көптеген тамаша әндерін мұ- ра ғып қалдырды.
Ол қазақтың қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуы тарихында алғаш рет ақындық шабытты шақтың психоло- гиялық астарына терең үңіліп, оны адам рухының ерекше күйі, жүректің лүпілдей соғып, қанды қыздыратын көзі деп сипаттады. Ақын шабыт шалқыған сәтте өмірден қол үзіп қал- май, керісінше күнделікті күйкі тір- шіліктен жоғары тұрып, шындық пен әділдіктің қатал да қайтпайтын жаршысы болуы керек. Нағыз ақын шабыт пен қуаттан күш алады, ша- бытсыз өнер жоқ. Онсыз өлең де ту- майды.
Өнердің, дәлірек айтқанда, музыка мен әннің мақсаты – адамдардың кө- ңіл күйіне әсер етіп, оларға рухани қорек беру, эстетикалық ғажайып ра- хат шәрбатынан сусындатып, жа- ғымды этикалық қасиеттердің қалып- тасуына жағдай жасау. Абайдың пси- хологиялық мәселелеріне байланыс- ты бізге жеткен пікірлері, оның қазақ тарихында тұңғыш рет психология- лық ұғымдар жасауға талаптанып, бұл ғылымға қазақ тілінің аса бай сөздік қорынан бірқатар түсініктер (қылық, қуат, мінез, көңіл, қасірет, қуаныш, құмарлық, күлкі, ықылас, талап, зерде, үрей, жалқаулық, таба- лаушылық, күншілдік т.б.) енгізіп, осы жолда қазақ фольклорындағы психологиялық түсініктерді өңдеп, әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана қоймай, сонымен қатар көшпелілер- дің психологиялық әлемі туралы өзін- дік көзқарас жүйесін қалыптастыр- ғанына келіп тіреледі. Абай адамның жан-дүниесіне қатысты түрлі ұғым- дар мен түсініктердің мәнін айшық- ты тілмен әсерлі етіп жеткізіп, өлең- дері мен қара сөздері арқылы қазақ халқының қалың бұқарасы арасына психологиялық білімнің таралуына қолайлы жағдай жасады.