ҚҰЛЖАНОВА НӘЗИПА

ҚҰЛЖАНОВА  НӘЗИПА  (1887-1934) – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен қазақ әйелдерінің ара- сынан тұңғыш әлеумет өмірінде кө- рінген кісінің бірі. Ол өткір журна- лист, педагог-тәлімгер, екі тілде бір- дей жазатын аудармашы, Шығыс ең- бекші әйелдерінің І-съезін ұйымдас- тырушылардың бірі, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің мү- шесі еді. Ол 1902 жылы Қостанай- дағы қыздар гимназиясын бітірген соң Торғайдағы қыз балалар учили- щесіне мұғалімдікке тағайындалады. Н.Құлжанова 1904-1919 жылдар ара- сында Семейдің мұғалімдер семина- риясында оқытушы болып жұмыс іс- тейді, 1920-22 жылдары Ақмолада әуелі мұғалім, кейіннен уездік комитетте жауапты қызмет атқарады, одан соң Орынборда, 1923-1925 жылдары «Қы- зыл Қазақстан» журналының жауап- ты хатшысы, ал 1925-1929 жылдары республикалық  «Еңбекші  қазақ» газетінде редколлегия мүшелерінің бірі,

«Әйел теңдігі» журналының бөлім меңгерушісі, кейіннен жауапты хат- шысы қызметтерін атқарады. Оның тәлім-тәрбиелік пікірлерi медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Бұл жәйт «Бала күтімі», «Баланың өмірі- не күн сәулесінің әсері», «Таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары», т.б. мақалаларынан жақсы байқала- ды. Автор жаңа қоғамның белсенді құрылысшыларын тәрбиелеуді жөр- гекте жатқаннан бастауды ұсына ке- ліп, өзі түйіндеген тұжырымның түп негізі «Тәні саудың – жаны сау» дей- тін халық даналығына саяды.

Құлжанованың ұстаздық, тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның бірі – 1923 жылы Орынбор- да шыққан «Мектептен бұрынғы тәр- бие», екіншісі «Ана мен бала тәр- биесі» (Қызылорда, 1927).

Қазақ қоғамы жағдайында жас ұр- пақты тәрбиелеудің ғылыми астар- лары әлі де болса айқындала қойма- ған кезде Н.Құлжанованың осынау тың жатқан істі өзіне зор міндет, басты проблема етіп көтеруі – оның асқан батылдығы да, бала тәрбиесі- нің сан-салалы шараларын көрсете алатын біліктілігінде еді. Аталмыш еңбектерінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олар- дың отандық және шетелдік үлгі- лерін сөз етумен бірге қоғамдық орта- дан тәрбие алатын баланың жас ерек- шелігіне қарай, оның қоршаған ор- тасының ықпал-әсерінен туындай- тын психологиялық өзгерістерді ке- ңінен баяндайды.

Ғалым-педагог баланың жан тәрбие- сіне әр жас кезеңінде әртүрлі тәрбие беру керек екенін айта келіп, үш жасар баланың психологиясын былай сипаттайды: «Үш жасар бала бір ты- ным жоқ «басты қатырады» деп ше- шесі зарлайды. Үш жасар бала істі өзі орындағанды жақсы көреді. Өзім істеймін деп араласады. Сұрамайтын сөзі жоқ, неге бұлай? Ол өзі ұстап байқағанды жақсы көреді. Кісіні шар- шатады. Ат болады, түйе болады. Шешесі болып ойнайды, тағы да басқа ойын дүниесіне кіріседі… Үш жа- сардың сөзінің түбі жоқ. Айтқанды тыңдауға, тынымсыз, сөзбен жағалас жүреді… Нәрсенің бәрін білгісі ке- леді… Тапқан заттарының бәрін ойын қылады… Ойын – оның шын тірші- лігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қы- зықты ғана көзіне түсіп, ықылас тар- тады…».

Бұдан 70 жыл бұрын айтылған осы- нау психологиялық сипаттамалар- дың қазіргі ғылыми психология айта- тын түйіндерден ешбір айырмашы- лығы жоқ, өресі биік, сындарлы ой- пікір екендігіне шүбә келтіруге бол- майды.

Н.Құлжанова қазақ отбасыларында мектепке дейінгі бала тәрбиесінде орын алып келе жатқан кейбір кем- шiліктерді көрсетеді. «Жас балаға үлкендер тыныш отыруды бұйырады. Үйге қамап қояды. Шамасынан ар- тық қызмет тапсырады. Қазақ қызда- рын үйге отырғызып қояды. Балалар далаға шығып, басқалармен ойна- ғысы, қозы қуғысы келеді. Үлкеңдер өз еркімен жүргісі келген балаға зор- лық жасайды… Баланың өзіне кере- гін істетпей, «адам болмайсың» деп ұялтады… Онан білгенінің көбіне кө- ңіл бөлмейді… Бала ойнақтаған құ- лын-тайдай, желкілдеген гүлдей өсуі керек».Қазақ баласының психологиялық ерекшеліктерін жазбай танитын ол ересектер мен бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне айрықша мән береді. Бұл жөнінде ол былай дейді: «Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей «мазамды алма» деп, үнемі баланың бетін қай- тару арқылы оның сол білімге құмар- лығының негізін жоғалтып жіберуге болады», – дей келе автор, бала ойы- ны тану, білу құмарлығымен ұшта- сып жататындығын ескертеді.

Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып-қағу- дың тиімділігін айтады: «Жараты- лыстың, – деп жазды ол, – өз дү- ниесінде, даланың кеңшілігінде шыл- пылдап суына түсіп, жүгіріп, құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын- шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көк- орай шалғын, тоғай арасында сай- раңдап жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей тегіс өсіп, өркендемек». Ол осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп: «Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын ең- бек ету, жан және дене мүшелерінің машықтары бала әдетіне төңіректе- гінің бәріне еліктегіш, тал-шыбықтай икемді, нәзік, жас кезінде кіріп, сіңіп қалады», – дейді автор. Ойын бала- сының мектеп жасына дейінгі бүкіл тыныс-тіршілігі, оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табы- латындықтан осы кезеңдегі тәлім- тәрбиеге ерекше мұқият қараудың ма- ңыздылығына тоқталады.

Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәр- биенің басты бағыттарын «Тән сау- лығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы»,  «Нәрсенің  түр-түсін тану»,

«Дененің қимылын түзету», «Шебер- лігін көтеру», «Баланың білімін арт- тыру»,  «Бала  тілінің шеберленуі»,

«Еңбекке машықтандыру», «Әдемілік сезімін көтеру», «Мейірімділік әдет- терін көркейту», «Көпшілік және еңбек», т.б. осы іспеттес тақырып- тардың психологиялық мән-мәнісі айтарлықтай.

Н. Құлжанованың еңбектерінде Қа- зан төңкерісінің қарсаңындағы көш- пелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыт- тағы ауыл мен қала өмірінің шынды- ғынан алынған нақты көріністер ай- қын байқалады. Ана мен бала тәр- биесі, әсіресе баланы мектепке тәрбие- леу жайындағы методикалық құрал- дар төл тiлімiзде әлі күнге дейін тап- шылық етеді. Сондықтан да аталған еңбектер бұдан жарты ғасырдан астам бұрын жарық көрсе де, қазіргі кездегі қазақ оқырманының жүрегіне жылы тиіп, қолдан түспесі хақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *