ҚОРҚЫТ АТА

ҚОРҚЫТ АТА – тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идея- сымен астарлас рухани мұраның бі- рі – Қорқыт ата тағылымдары. VIII- IX ғғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз- Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жаз- мышқа қарсы күресіп, адамның мәң- гі жасауын арман етіп өткен кемең- гер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ой- лары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан Қорқыт тура- лы аңыз-жырлар, бізге жеткен «Қор- қыт ата кітабы» – Орта Азия, Қазақ- стан мен Әзірбайжан халықтары- ның аса көрнекті жазба ескерткіші. Қорқыттың музыкалық-этнография- лық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын мекендейтін түркі тілдес халықтар- дың барлығының ортақ рухани игі- лігі. Қорқыт ата тағылымдарында тә- лімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи- этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халық- тардың ілкі ортағасырлардағы тәлім- тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейді.

Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұрты- ның арасында ерте заманнан-ақ қас- терленіп келеді. Сондықтан да хал- қымыз: Жыраудың үлкен пірі – Қор- қыт ата, Бата алған барлық бақсы, ақын ата, Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда, – деп тегін жырлама- ған. 1980 жылы Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы (Қызылорда об- лысы, Қармақшы ауданының орта- лығы) станциясының солтүстік-ба- тысына таман Қорқыт мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның зиратының басына тамаша ғимарат ес- керткіш орнатылуы оған деген құр- меттің белгісі.

Қорқыт ата нақылдарында тәлім- тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылдық, әрекетшілік жайын- да айтылған мынадай ақылдарға құ- лақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиын- баған адамның тілегі қабыл болмай- ды… Жігіт тірісінде Қаратаудай қы- лып, бір күн тыныштық көрмей дү- ние жияды, байиды. Бірақ соның іші- нен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүй- мейді. Басқалардан өзін жоғары ұста- ған адамға тәңірі бақ бермейді…».

Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үйішілік жарасымды қа- рым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адам- ның әр түрлі мінез-құлық сипаттары жайында айтқан тағылымдары да бү- гінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай:

«Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама ба- ғып, қаққанмен ол саған ұл болмай- ды… мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрме- ген қыз жаман, атадан тағылым ал- маған ұл жаман. Ондай бала ел ба- сын құрап, үйінен дәм беруге де жа- рамайды. Ананың көңілі балада бо- лар… Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі».

Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірім- дердің жанымен қоса тәнінің шыны- ғуына, ел мен жерін жан-тәнімен сү- йіп, оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. Осыған орай ол былай дейді: «Жол қиындығын көр- меген, жабы мінген жігітке садағы- ның оғы да қылыштай кесіп түседі…Қолыңа ұстаған болат қылышың мұ- қалмасын. Жауға атқан садағың өт- кір болсын».

Кемеңгер дала ойшылы жас жеткін- шектің көпшіл, қонақжай, ата жолын қуған ақпейіл адам болғанын қалай- ды. («Қонағы жоқ қараша үйден құ- лазыған түз артық… Ата даңқын шы- ғарып, өзінің тегін қуған балаға еш- кім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспай- ды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне бе- рік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүр- се де аз»). От басы, ошақ қасының, үй іші тыныс-тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесінің, әйел жұртының кескін-келбетімен қатар, әдепті, көре- генді, адамгершілік, иманжүзділік қасиеттерімен де тікелей байланы- сып жатады. Осыған орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген си- паттамасы психологиялық жағынан ерекше көңіл аударады. Мәселен, әйелдердің бір тобы отбасының тіре- гі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұ- тақтары өсіп-өнген жандар болса; екіншісі-ынсапсыз, қанағатсыз; үшін- шісі – салдыр-салақ, өсекшіл келеді дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *