ҚОЖАХМЕТОВ  СҰЛТАНБЕК

ҚОЖАХМЕТОВ  СҰЛТАНБЕК ( 1912-1945) – Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде Қазақстанда педаго- гика, психология ғылымдарын жұрт- шылыққа кеңінен насихаттаушылар- дың  алдыңғы  қатарында  жүрген ғалымдардың бірі. Ол Көкшетау об- лысындағы қазақ ауылдарының бі- рінде шаруа отбасында дүниеге кел- ген. Ресей қалаларында оқып, білім алған. Ол 1937-38 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде педаго- гика теориясы мен тарихынан, пси- хологиядан сабақ береді.

1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтына ауысады, мұнда да аталмыш пәндерден дәріс оқиды. Мұғалімдік қызметімен қоса Қазақ КСР Оқу халық комиссариаты- на қарасты мектеп Ғылыми-зерттеу институтында педагогика бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. Ұлы отан соғысына қатысып, сонда ерлікпен қаза табады. С.Қожахметов – педагогика ғылымы саласында дидак- тика теориясынан қазақ тілінде алғаш диссертация қорғаған қазақ зиялыла- рының бірі (1939), кейіннен оны «Пе- дагогика мәселелері» деген атпен жеке кітап (1940) етіп шығарды. Мұн- да шәкірт меңгеретін білімнің сана- лылығы мен жинақтылығының өл- шемдері баланың өз бетімен кітап оқу дағдысын қалыптастыру мәсе- лелері, оқушының эстетикалық (сұ- лулық) талғамдарын дамытып, қа- лыптастыру, оның алған білімі мен дағды, іскерлігін бағалай білудің ғы- лыми негіздері қарастырылады. Мы- салы: «Түйсіксіз білімнің тиянақты болмайтындығы жұрттың бәріне мә- лім. Түйсік субъектив пен объектив- тің қолма-қол туралай байланысы. Біз түйсік арқылы ғана барлық заттар туралы және олардың процесі жөнін- де ұғым ала аламыз. Түйсік барлық ғылыми түсініктің және ұғымның негізі. Міне, сондықтан білімді тиянақты ету үшін ең алдымен балалар- дың түсінуі, ұғымы анық және берік болуын қамтамасыз ету керек.

Ал, түйсіктің анық және берік болуы үшін сезім мүшелерін сергек етуге тырысу керек. Қабылдау – өмір та- нудың екінші сатысы, құбылысты тұ- тасынан ұғу. Бірақ түйсік пен қа- былдау бірімен-бірі өзара тығыз бай- ланысты, арасында алшақтық жоқ. Қабылдаудың ашық айқын болуына сол заттың мағынасы, мазмұны және сол затты түсіну үлкен әсер етеді. Мағынасы түсінікті болған нәрсені терең қабылдаймыз. Оқушылардың білімі тиянақты болу үшін олардың қабылдауының берік және айқын болуына ерекше көңіл бөлу керек. Оқытушының сөзін, ұғындыруын балалар айқын қабылдамаса, олар ма- териалды терең есте қалдыра алмай- ды, сондықтан дұрыс жауап бере алмайды. Олай болса білімді берік ету үшін сабақ үстінде барлық сезім мүшелерін қатыстыру керек.

Психологияның мәліметтеріне қара- ғанда, оқушы бүкіл сөйлемді тұтасы- мен қабылдайды. Жақсы оқушы сөй- лемнің мазмұнына, сөз құрылысына қарап тез түсінеді. Ол кейде, тек осы жолда жазылған сөздердің ғана емес, бұл жолдың жоғарысында қандай сөздер бар, төменгі жолда қандай сөздер болуы керек екенін де түсініп алады. Олай болса, жақсы оқи бі- лушілік кітапты пайдалану ісінде шешуші рөл атқарады.

Біздің сезім мүшелерімізге әсер ете- тін құрылыстар біздің миымызға өзі- нің белгілі ізін қалдырады, сондық- тан біз оны екніші рет сезіне танимыз. Маңайдағы құбылыстар біздің миы- мызға белгілі ізін қалдырғандықтан, біз ол құбылыстарды қазір көріп тұрмасақ та есімізге аламыз, көз ал- дымызға елестетеміз. Адамның бұл сияқты тамаша қасиеті ес процесіне жатады. Ал ес деп біздің тәжірибеміз- де кездескенді ойда толық тануды және білгенімізді іс жүзінде қолдану- ды айтады. Ес адам тұрмысында өте үлкен маңыз алады. Егер ес болмаса біз көрген, білген, оқыған естігеніміз- ді миымызға ұстап қала алмас едік» – дейді. Мәселен, осы кітаптың «Эсте- тикалық тәрбие» атты тарауында ға- лым былайша ой толғайды: «…Эсте- тикалық тәрбиенің ең бірінші мақ- саты оқушылардың сезім мүше- лерін тәрбиелеп, дамыту және олар- дың қабілеттілігін күшейту… Тамаша көркемдікті, сұлулықты байқау үшін оны көре және есіте білу керек». Бұл жерде автор сұлулық, көркемдік тәр- бие үшін шәкірттің сыртқы бес се- зім мүшесі (көз, құлақ, иіс, дәм, си- пай сезу) ойдағыдай жетіліп, дені сау болуына ерекше көңіл бөлу қа- жеттігін, ата-ана мен тәлімгерлердің есіне салады.

С.Қожахметов көркемдік, әсемдік тәр- биесі тек сыртқы сезімдер арқылы адам жанын рахат пен ләззатқа бөлей алатындығын, бұл үшін шәкірттің ой- лау, қиял сияқты қуаттарын да дамыту қажеттігін былайша тұжырымдайды:

«Ойлампаздық қасиеті өсіп-жетілме- ген адамның тамаша, сұлу көркем зат- тарды қабылдауы нашар болады. Эс- тетикалық көркемдікке шаттанудың, рухтанудың жоғарғы түрі адамның ақыл-ойының дамуымен байланысты». Педагогикалық және психологиялық мәселелерді талдағанда автор жеке- леген тәлім-тәрбиелік тақырыптар- ды өрісі тар өткінші  нұсқау, жарлы түрінде баяндай бермей, мәселенің іш- кі ғылыми астарына, оның пәлсапа- лық, психологиялық жақтарына терең- деу үшін баяндайды. Бұл жерде оның бүкіл әлемдік педагогика клас- сиктерінің (Аристотель, Платон, Ко- менский, Песталоцци, Локк, Фребель, Гербарт, т.б.) ғылыми мұраларына жасаған талдаулары оқырман наза- рын өзіне мықтап баурап алады. Қа- зақ топырағында сол жылдарда осы- нау ғұламалардың тәліми мұралары көпшілікке мәлім болмағандығы бел- гілі. Өйткені, 20-жылдары осындай ақыл-ой алыптары жайлы сөз қозға- ған жекелеген зиялыларымыздың (О.Қарашұлы, М.Жұмабаев, Ж.Ай- мауытов) азды-көпті еңбектері белгі- лі себептермен көпшілік жұртшы- лыққа беймәлім болып келді.

Осы тұрғыдан алып қарағанымызда С.Қожахметовтың педагогика тари- хына байланысты еңбектерін өлкеміз- дегі осы ғылымның алғашқы қарлы- ғаштары десек артық болмас еді. Ав- тор аталмыш еңбектерінде педагоги- ка мен педагогика тарихын бір-бі- рінен алшақтатпай, екеуін өзара үй- лестіріп, сол кездегі қазақ мектебінің талап-тілегіне байланыстыра сөз етіп отырады. Автор еңбектерінде теория- лық пайымдаулармен қатар мәнді ұсыныс-тілектер де көптеп кездесе- ді. Мәселен, қазақ мектебіндегі са- бақтың негізгі элементтері мен құры- лымдары, бұлардың өзіндік функ- циялары мен мақсаттары, шәкірттер- ге сабақ берудің әдістері мен амал- дары (сұрақ, жауаптың сан алуан штрихтары) т.б. тартымды баяндалған. Оқушылардың білімін бағалау жөнін- де айтқан автор түйіндері психоло- гиялық жағынан өте маңызды. Ол: «Мұғалім… оқушылардың үйде жұ- мыс істеуіне мүмкіншіліктері бар-жо- ғын, денсаулығын және ұғыну зерек- тік өзгешеліктерін де еске алып оты- руы шарт, өйткені бұлардың барлы- ғы да оқушылардың сабақ үлгеріміне әсер етеді Кейбір оқушының есту сезімі, ал кейбіреудің көру сезімі ба- сым келеді… адамның маңайындағы құбылыстарды түсінулері және ойға ұстап қалулары бірдей емес»… Ғалым шәкірт білімін бағалауда қателіктер жібермес үшін мұғалім өз оқушыла- рын бес саусағындай білуі, олардың психологиясын жазбай тануы керек. Бұл үшін ол %-психологиялық зерт- теу әдістерімен жәй хабардар бол- май, оларды оқу-тәрбие практикасын- да үнемі қолданып отыруы қажет дейді.

С.Қожахметов шәкірттердің адамгер- шілік пен әдеп, саналы тәртіпке тәр- биелу мәселелерінің психологиялық астарларына байланысты бірнеше еңбек жазды. Соның бірі – 1940 жылы Қазақ мемлекет баспасынан жарық көрген «Оқушыларды саналы тәртіп- ке тәрбиелеу туралы» кітапшасы.

Автор өз еңбегінде дүниежүзілік пе- дагогиканың классигі Ян Амос Ко- менскийдің «Тәртібі жоқ мектеп су- сыз диірменмен тең» дейтін афориз- мін эпиграф етіп алады. Еңбек негізі- нен қазақ (ауыл) мұғалімдеріне, олар- дың педагогикалық-психологиялық таным-түсініктерін жетілдіре түсу мақ- сатында жазылған. «…Жұмыстан күр- делі нәтиже шығару үшін, – дейді ол, – еңбектің өнімін арттыру үшін, ең алдымен тәртіп керек. Тәртіп – адам- ның еңбекке қатынасының ең басты бір белгісі болып табылады… Саналы тәртіп оқушылардың азаматтық қасиеттерінің, мектептің дұрыс жұмыс істеуінің оқуға саналы түрде өзінің бар ықыласымен қатынасуын, мек- теп мүлкіне ұқыпты болуын, мек- тептің ішкі ережелерін сақтай білуін, мұғалімге, туысқандарына, жолдас- тарының көзқарасы, қарым-қатына- сы сыпайы, қадірлі, қасиетті болуын талап етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *