ҚОЗУ – тірі организмдердің қасие- ті, қозатын ұлпаның тітіркендіруге белсенді жауабы. Жүйке жүйесі үшін қозу – негізгі функция. Жүйке жүйе- сін құрайтын жасушалардың қозуды ол пайда болған телімнен басқа те- лімдерге және көрші жасушаларға өткізу қасиеті болады. Осының нәти- жесінде жүйке жасушалары сигнал- дарды организмнің бір құрылымда- рынан басқа құрылымдарына беру қабілетіне ие болды. Мұның барысын- да қозу сырттан келетін тітіркендіру- лердің қасиеттері туралы ақпаратты тасымалдаушы және тежелумен бірге организмнің барлық органдары мен жүйелерінің белсенділігін реттеуші болды. Қ. процесі сыртқы стимулдық берілген органға тән абсолюттік қо- зу табалдырығынан асып түсетін бел- гілі бір қарқындылығында ғана пай- да болады. Қ.-дың негізінде физи- калық-химиялық процестер жатады; қозуға қабаттасатын жасушалық дең- гейде де, сондай-ақ жануар мен адам денесінің бетінен де тіркеуге келетін биоэлектрлік құбылыстар да осы процестермен байланысты. Қ-дың та- ралу әдістері жүйке жүйесінің ныса- нына байланысты: ең қарапайым (диффузиялық) жүйке жүйесінде белсенділік әртүрлі бағыттарда бір- келкі өтіп, біртіндеп өшеді.
Эволюция барысында жүйке жүйесі- нің күрделіленуімен қатар, қозудың берілу әдістері де жетілдірілді, бұ- лар арқылы осы процесс жолдың ая- ғына дейін қандай да болсын бәсен- деусіз таралады; осының өзі қозудың тұтастай организмге реттеуші функ- цияны іске асыруына мүмкіндік береді. Қ. процесі тежелумен бірге жо- ғары жүйке қызметінің негізін құрай- ды. Олардың динамикасы ең күрде- лісіне дейін барлық мінез-құлық актілеріне әсер етеді, ал олардың ин- дивидуумдық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің типін анықтайды. Қозу табалдырығы – нейронды қоз- дыратын стимулдың минималды энер- гиясы. Психологиялық сезгіштік та- балдырықтары тек статистикалык өң- деумен ғана анықталады.