ҚАРТАЮ – организм мен психи- каның инновациялық өзгерістері (да- мудың тежеліп, кері жүруі). Қарттық шақта (75-90 жас) денсаулықтың өр- шіген әлсіреуі, физикалық күштің сөнуі, жаңғалақтық пен ұмытшақ- тық пайда болып, басқа да жағымсыз мінез бітістері күшейеді. Кейбір қарт- тарда авторитарлық (өзбеткейлік) кү- шейсе, ал басқаларында ауыру сал- дарынан физикалық жәрдемсіздік, сентималдылық пайда болады. Егер адам өзінің өткен өмірін жағымды бағаласа, онда ол қанағаттылық сезі- мін, міндет пен парыздың орындал- ғандығы және өз тәжірибесімен бөлі- су сезімін бастан кешіреді.
Ал егер адам өз өткен өмірінде өзін- өзі жүзеге асыра алмаса, қойылған мақсаттарға жете алмаса, сүрген өмір- дің пайдасыздығы, сезімі, күдер үзу пайда болады. Шығармашылық ма- мандықтардағы адамдар қарттық шақ- та да жоғары ақыл-ой қабілеті мен еңбек өнімділігін сақтай алады. Қарт- тық шақ – қоғамның өндірістік өмі- ріне тікелей қатысудан айырылумен байланысты өмірдің соңғы кезеңі. Қ. кезеңін кемелдік кезеңнен бөлетін шекараны хронологиялық анықтау қарттық белгісінің пайда болуындағы жеке даралық айырмашылықтар- дың көптігінен әрқашан расталмай- ды. Бұл белгілер адам организмінің функционалдық мүмкіншіліктерінің біртіндеп азаюынан көрініс табады. Денсаулықтың үдеген әлсіреуі мен күштің азаюынан басқа, қарттық шақ психологиялық өзгерістермен де сипатталады: мыс, ішкі өмірге ин- теллектуалдық және эмоциялық «ке- йіп» өткен өмірді бағалау мен ма- ғынасын түсінумен байланысты бо- латын бастан кешірулер.
Қарттық шақта қабылдау процестері мен қозғалыстық белсенділік біртін- деп әлсіреуі интеллект, ес және т.б. психикалық функциялардағы бірмән- ді емес өзгерістерді суретімен үйле- седі. Қарттық шақты тек регрессивті процестермен ғана байланыстыру дұрыс емес. Бұл шақтың өзінің же- тістіктері болады: адамда өмірлік да- налық, тұлғалық интеграция қалып- тасады.