ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – бұл халқы- мыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Қа- зақтардың, деп жазды, осы халық- тың өмірін, тұрмыс-салтын алғаш зерттеушілердің бірі А.И.Левшин, (1799-1879) басқа Азия халықтары- на қарағанда… қайырымдылық, адам- ды аяу, қарттарға құрмет көрсету, ба- ланы аялап, жанындай жақсы көруі айрықша қасиеті». Біздер «жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ би- ден без» деп, осынау қасиеттен жұрдай адамның жұртқа қадірі болмай- тынын бірден кесіп айтатын халық- пыз. Адам өміріндегі ең игі істің бі- рі қаріп-қасірге, кедей-кепшік, жар- лы-жақыбайларға  қамқорлық жасау.

«Құран кәрімде» де қайыр-садақа бе- ру – әр адамның мұсылмандық па- рызы делінген. Қайырымдылық кең мағыналы ұғым. Мәселен, отбасын- дағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кі- шінің үлкенге ізеті, баланың ата-ана- ға, әке-шешенің бала-шағасына ме- йір-шапағаты, ұл мен қыздың ер жет- кен соң еліне қызмет етуі қайы- рымдылықтың түрлі көріністері мен қайнар көздері. Халқымыз өз ұрпа- ғына осы қастерлі қасиетті ес біліп, етек жаба бастаған кезден үйретіп, мұны тұрмыстық салтқа, адамгерші- лік дәстүрге айналдырып отырған. Халық «бір үйлі жансың, бір-біріңе меймансың», «бір-біріңді сыйласаң жан семіреді» деп, қайырымды- лық қасиетті ұрпағына мирас етіп, ерекше қадір тұтып, қастерлеп кел- генін біздер еш уақытта естен шығар- мауымыз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *