ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК ӘЛІБЕКҰЛЫ (1667-1764). Орта жүздің биі. Оның толғауларында қазақ пси- хологиясына қатысты көптеген мәсе- лелер сөз болады. Мәселен, ол жас ұрпақтың тегіне, тұқымына тартып туатынын сөз етеді, («Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – ата- дан өте туады, бір бала бар – кері ке- те туады», «Атадан жақсы ұл туса, ерінің туы болады, Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады» т.б.). Ол халқымыздың ағайын-тума, жек- жат-жұрағат қарым-қатынастарына байланысты терең түйіндер айтқан («Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын, Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын, Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын – қарындасың, Сыбайлас болса, нағашың жақын, Адал болса, досың жақын» т.б.). Ор- та жүздің ұлы биі отансүйгіштік, пат- риотизм мәселелеріне ерекше көңіл бөлген («Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт берекең – атаң қымбат, Туып өскен елің қымбат, Кіндік кескен же- рің қымбат, Ұят пенен ар қымбат» т.б.). Қазыбек бидің 15 жасында Қал- мақ еліне барғанда айтқан отансүй- гіштік сөзінің өзі қазіргі біздерді қай- ран қалдырады («Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, Сен темір болсаң, біз балқытқалы келген- біз, Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, Танымайтын жат елге та- нысқалы келгенбіз…Сен қабылан бол- саң, біз арыстан, алысқалы келген- біз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Бер- месең дірілдемей жөніңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт т.б.).
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ – (бейнелеу, елестету, еске түсіру)
- қайта жаңғырту еріксіз және ар- найы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мыс., музыканттың белгілі ән-күйлерді күн- де орындауы. Арнайы қайта жаңғыр- туда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қа- былдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылдан- ған нәрселер мен қазір жоқ көрініс- тің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елес- тейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құ- лаққа келеді. Қабылдау үрдісіне бір- неше талдағыштар қатысады. Елес- теулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.
- Елестету ес үрдісі. Біз бұрын қа- былдаған, ал қазір оймен қайта жаң- ғыртып отырған заттар мен құбы- лыстардың бейнесі елес деп аталады. Елестетулер жалқы және жалпы си- патта да болады. Бір ғана нәрсені елестету – жалқы, ал жалпы елесте- ту – тектес, ұқсас нәрселерді жеке- жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестету- лердің тұрақтылығы, анықтығы жал- қы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады.
Адамның тікелей сезімдік танып бі- луі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір – елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың сан алуан қасиет- белгілерінен елестеген жалқы нәр- сенің қасиет ерекшеліктерін ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады. Қайталау – қандай да бір материалды есте сақтау немесе жаттап алу мақсатымен бірнеше рет пысықтау. Есте сақтауға арналған тәсілдердің жетекші орындағысы ретінде пай- даланылады