ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ. Егемен, тәуелсіз мемлекеттер- дің сан алуан ұлттық тыныс-тір- шіліктері үшін ұлт, этнос психоло- гиясын зерттеудің қаншама маңызды екендігі түсінікті. Мұның әсіресе 130-дан астам этностар мекендейтін Қазақстан жағдайында алатын орны ерекше. Осынау жайтты жақсы тү- сінген Қазақ университетінің бас- шылығы 1998 жылы алдымен, Этно- психология орталығын, ал 2000 жылы Этнопсихология кафедрасын ашты. Кафедра оқу-тәрбие процесімен қа- тар осы ғылым саласындағы зерттеу- лерді өз елімізбен қатар Орталық Азия өңірінде үйлестіруге басшылық етіп келеді. Еліміздегі сондай-ақ Орталық Азия республикаларындағы тыныс- тіршіліктің кез келген саласында (мек- теп, ғылым, өндіріс, көлік, медицина, заң, сауда,  спорт,  әкімшілік, әскери қызмет т.б.) ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сарапқа салмай жұмыс жүргізуі қиын екендігі байқа- ла бастады. Мәселен, осындай ұлт- тық психологиялық проблемаларға этнос аралық кикілжің, шиеленістер- ге жол бермеу, экстремизм мен ұлт- шылдықтың түрлі көріністеріне тос- қауыл жасау, әр түрлі этностардың дәстүр-салты, әдет-ғұрпы, жол-жо- ралғы, жөн-жосықтарының жан-жү- йесіне қатысты жақтарын зерттеу секілді толып жатқан мәселелер атал- мыш кафедраның көтеретін жүгі бол- ды. Бұл әсіресе, 300 жылдай ұлттық рухы құрып кетуге аз-ақ қалған қа- зақ ұлты үшін аса маңызды үрдіс бо- латын.

Осы кафедра соңғы 10 жылда этно- психология саласында біраз еңбек- тер жариялап, ғылыми конференция- лар өткізуге мұрындық болды, мұның отырыстарында 20-дан астам канди- даттық, 10-ға жуық докторлық диссер- тациялар талқыланып, қорғауға ұсы- нылды. Сөйтіп Қазақстанда тұңғыш құрылған ұлттық психология кафед- расы өз республикамыздан басқа ор- талық Азиядағы республикалар үшін де маңызды рөл атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *