- Саналы адам сағыңды сыңдырмайды,
Санасыз адам жағыңды тыңдырмайды. - Саналы ерде сауыт бар,
Санасыз ерде қауіп бар. - Сарман тауда салқын жоқ,
Саналы ерде ұйқы жоқ. - Суға кеткен тал қармайды.
- Сүйек берген кісімнен көрейін бе,
Мүжи алмаған тісімнен көрейін бе?! - Сусыз жерде қамыс жоқ.
- Ез кісіде намыс жоқ.
- Сәлемсіз кіс жоқ.
- Сәулесі жоқ адамның бәрі соқыр.
- Сөздің ақыры – адамның ақылы.
- Тарықпай ер тілеуін бермейді.
- Тауға сүйенген ер, таудай жауды жығады.
- Темірші – көміршіге үйір.
- Темір сырын оқта танытады,
Алам сырын жоқта танытады. - Төрт ұлы бар кісінің
Аспанға салған жолы бар. - Тар қазан тасқалақ,
Мешкей адам ашқарақ. - Тат темірді, қайғы адамды кеміреді.
- Тауға тау қосылмас,
Адамға адам қосылар. - Темірді от,
Ағашты мөр,
Адамды сөз балқытады. - Темір сырын отта танытады,
Адам сырын сөз балқытады. - Тоқ адам тойшыл,
Аш алам арманшыл. - Түйе мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі. - Ұяттан адам өлмейді,
Сағы сынады. - Үй менікі демеңіз,
Үй сыртында кісі бар. - Ылдисыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды. - Адам мүшелері туралы
- Көз – бір уыс топыраққа тояды.
- Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
- Көз сыртында көз бар,
Тіл астында тіл бар. - Көз көрмей көңіл сенбес.
- Көзінше мақтанба,
Сыртынан даттама. - Көзім – хат, көңілім – шот.
- Көз көзге түссе, мейірі жүзге түседі.
- Көзі көрместің көңілі сезбес.
- Көзі қарайған там сүзер.
- Көңілдегі құпияңды көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп сырын айтып қояды. - Көзбен көрген шындық,
Құлақпен естіген өтірік. - Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
- Көз көргенше, ауыз бақыр сөйлеп қал.
- Кенеуі жоқ кеудеге сылдыраған сөз береді,
Миы жоқ басқа бадырайған көз береді. - Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды. - Көңіл – қазы, көз – таразы.
- Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады. - Көзі жаманның сөзі жаман,
Сөзі жаманның өзі жаман. - Көңілсізден көзсіз бала туар.
- Көз – нұрдың ұясы,
Көңіл – сырдың ұясы. - Көңід сырын сөз білдіреді.
- Көңіл қартаймайды, көз қартаяды.
- Көзсіз күнелтсең де,
Көпсіз күнелте алмайсың. - Көптің көзі көреген, қолы береген.
- Керең құлақ оянбас.
Бір оянса, қоя алмас.