Уақыттың құбылмалылығы
Эйнштейннің теориясы бойынша уақыт өзгермейтін өлшем емес. Ол материяның жылдамдығына қарай ұзаруы немесе қысқаруы мүмкін.
Құран аяттары уақыт ұғымының қатып қалған ұғым еместігін Эйнштейннен ондаған ғасырлар бұрын көлденеңінен алға тартады.
Білім мұны соңғы ғасырларда ғана аңғарған болса, Құран ғасырлар бұрын жар салған болатын.
«Алла оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?», – дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді. «Егер білген болсаңдар, аз ғанаақ тұрдыңдар», – дейді. (Муминун, 112-114). Уақыт деп аталатын құбылыс негізінде бір сəтті келесі немесе алдыңғы сəтпен салыстыру арқылы сезілетін құбылыс. Мысалға, адам бір темірді екінші темірмен ұратын болса дауыс шығады. Бір мезеттен соң тағы да ұрса, тағы да сондай дауыс шығады. Адам бірінші дауыс пен екінші дауыс арасында бір мерзім бар деп ойлап, оны уақыт деп атайды. Алайда, ол екінші дауысты естіген сəтте бірінші дауыс тек миындағы қиял ғана. Тек санасында қалған бір ой ғана. Бүгінгі Альберт Эйнштейн негізін қалаған теория бойынша заманауи білім уақыттың тек психологиялық қабылдаудан тұратынын жəне шарттарға орай əртүрлі бола алатынын қоштап отыр.
«Негізінде, Алланың қасындағы бір күн сендер санайтын мың жылмен тең» (Хаж, 47);
«Ол жоғарғы орынға періштелер жəне Жəбірейіл (ғ.с.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады» (Мағариж, 4).
Бұл аяттар уақыт ұғымының құбылмалы екендігін, физикалық ортаға қарай өзгеріп кетуі мүмкін екендігін хабарлайды. Құран түскен кезде адамдардың қолында мұны зерттеп білетін технологияның болмағандығын ескерсек оның ғаламның Жаратушы Иесінен келгендігі ақылы бар қауым үшін өздігінен айқындалады.