Құран Кəрімнің бір нұсқасы IX-шы ғасыр
Құран мұсхафындағы сүрелер мен аяттардың тəртібі уахимен белгіленген бе, əлде ижтиһадтың (пəтуəнің) жемісі ме деген сауал да бір кездері көтерілген. Əрине, Құранның тəртібі уахи арқылы, яғни Хз. Мұхаммедтің тікелей белгілеуімен бүгінгі тəртіпке келтірілгендігін ғалымдардың барлығы дерлік қолдайды. Олардың арасынан Құранды терең зерттеген ғалымдар Проф. Док. Субхи ƏсСалих, Проф.Док. Əл-Ағзами, Проф.Док. Хамидуллаһ, Проф.Док. Карачам жəне Осман Кескиоғлұны атауға болады. Тіпті, Richard Bell секілді кей шығыстанушылардың өзі Құран тəртібін Хз.
Мұхаммед белгілегеніне еш күмəнданбайды. Нəтижеде Құранның Хз. Пайғамбар кезінде бүгінгі тəртіппен оқылғанын, сахабалардың ешбірінің қайшы əрекетте болмағандығын, бүгінгі сүрелер мен аяттардың сол дəуірдегіге жүз пайыз сəйкестігін нық сеніммен айта аламыз. Бұл жайындағы Алла тағаланың Құрандағы уəдесін де есте сақтаған жөн:
«Расында, бұл Зікірді (Құранды) Біз түсірдік əрі оны Біз қорғаймыз!» (Хижр, 9).