Меккелік жəне Мəдиналық сүрелер

Меккелік жəне Мəдиналық сүрелер

Сүрелердің кейбірі Меккелік болса, кейбірі Мəдиналық деп бөлінеді. Мұның себебі Ислам пайғамбары Хз. Мұхаммедтің он үш жыл Меккеде жəне он жыл Мəдинада өткізген өмірінде Құранның жиырма үш жыл бойы үздіксіз түсіп отыруында жатыр. Осылайша, Меккеден Мəдинаға қарай жасалған хижраға (ұлы көшке) дейінгі түскен сүрелер Меккелік, кейін түскендері тиісінше Мəдиналық болып табылады. Сүрелердің Меккелік немесе Мəдиналық екендігін ажырату оның мағынасын дұрыс, əрі толық түсінуге септігін тигізеді. Себебі, əлеуметтік, саяси жəне экономикалық жағдайға байланысты Меккелік сүрелер көбіне иман мен тəрбиелік үкімдерді тақырып етіп алса, Мəдиналық аяттар шариғат пен құлшылық үкімдерін қамтиды.

Меккеде  түскен сүрелердің  ерекшеліктері:

1)      Сəжде аятын  қамтыған  барлық сүрелер.

2)      «ϼϛ » сөзін  қамтыған  сүрелер.

3)      (Ей, адамзат!) деп басталатын  бүкіл сүрелер (хаж сүресінің 77- аятынан тыс).

4)      (Бақара сүресінен тыс) пайғамбарлардың жəне өткен үмбеттердің  қиссаларын  қамтыған  сүрелер.

5)      Адам мен Ібіліс қиссасын қамтыған сүрелер (Бақара сүресінен тыс).

6)      Хұруф əл-мұқаттағамен басталған (Бақара мен Əли Имран сүрелерінен  басқа)  жиырма  жеті  сүре.

Осы нақты ерекшеліктерден басқа, меккелік сүрелердің едəуір бөлігі  мына  сипаттарды да  қамтиды:

1)      Аят пен сүрелер көбіне қысқа, баяны жинақы, сөйлемдер қызулы  жəне  екпінді.

2)      Аллаға жəне Ақыретке  иманға (сенуге) шақырады. Жəннат пен  жəһаннам  бейнелері  көптеу.

3)      Жақсы  мінез  құлыққа  жəне  тура  жолға  үндейді.

4)      Мүшріктермен шайқасты жəне ширкті (серік қосуды) сынайды.

5)      Арабшадағы  тəсілді  бақылап, анттарға көп орын береді.

Мəдинада түскен сүрелердің ерекшеліктері:

1)      Шариғат  пен  құлшылық  үкімдерін  қамтыған  сүрелер.

2)      Шариғаттық жазаларды, мирас үлестерін, қоғамдық жəне мəдени заңдарды, мемлекеттер мен халықаралық құқыққа кіретін кейбір үкімдерді  қамтыған  сүрелер.

3)      Мұнафықтар туралы баяндаған барлық бөлімдер (Ғанкəбут сүресі меккелік болғанымен, мұнафықтарды бейнелеген 11 аяты мəдиналық).

4)      Əһли кітаппен талас-тартыс жəне оларды адасушылықтан қайтуға  шақырған  сүрелер (Бақара, Əли Имран, Ниса, Мəйдə, Тəубе, Бəйинə).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *