ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ –тамыры тереңде келе жатқан адам- ның жан-дүниесінің әр түрлі жақ- тарына, жықпыл-жықпылдарына (ой, ақыл-парасат, сезім-эмоция, мінез- темперамент т.б.) түгелдей әсер ете- тін аса уытты психологиялық құбылыс. Патриоттық сезімнің мән-мәнісін академик-психолог Т.Т.Тәжібаев ке- зінде былай деп тұжырымдаған еді:
«…Өз Отанын, өз халқын, өз тілін, халықтың тамаша ұлттық дәстүрле- рін жалынды жүрекпен сүйген… өзі- нің Отанға деген сүйіспеншілігін сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрсеткен адам ғана нағыз патриот саналады». Қазіргі кезде патриотизм тәрбиесі аса өзекті мәселе болып отыр. Бұл әсіре- се қазақ халқына аса қажетті қасиет. Патриот болу – ұлт үшін ел болу, болмау мәселесіне барабар нәрсе.
Патриотизмнің қатыспайтын сала- сы жоқ. Нақтылап айтсақ өз елімізді, жерімізді қорғау үшін де патриотизм қажет. Ұлан ғайыр кең даламызды ақбілектің күшімен, найзаның Ұшы- мен, жалаң кеудесімен қорғаған ата- бабалар ерлігін еске алып, жас ұрпақ- ты тәрбиелеп, бұған тәубе ету керек. Ана тілді көздің қарашығындай сақ- тау бұл да патриоттық сезім. Мем- лекеттік тілді білмеуді – азаматтық сана-сезімінің төмендігіне балап, на- мыс көру де патриоттық іс.
Еліміздің қорғаныс күшін арттыру азаматтық жауапкершілікті қалып- тастыру, осы айтылғандардың бар- лығы патриоттық, Қазақстандық пат- риотизм деген сөз. Қ.п. еліміздегі 130-дан астам этностардың демо- кратиялық дүниетанымға, өнегелі- лікке, адамгершілік пен иманды- лыққа, бүкіләлемдік адамзат пайдаланатын принциптерге, бөтенді жа- тырқамайтын қазақы ұлттық мента- литет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық сан алуан этностардың шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін, ділін дамытып, әлемдік өрке- ниет жолына салатын күшті құрал идеология мен саясат.