ҚАЗАҚСТАН ПСИХОЛОГТАР ҚОҒАМЫ

ҚАЗАҚСТАН ПСИХОЛОГТАР ҚОҒАМЫ. 1958 ж. Қазақ ССР Оқу Министрлігі жанынан ұйымдасты- рылған ғылыми қоғамдық ұйым. Оның негізгі мақсаты – психологияның  әр

саласындағы мамандардың ғылы- ми зерттеу жұмыстарына бағыт-бағ- дар беріп, оларды үйлестіру, ғылы- ми жиындар тақырыптарын белгі- леп, оларға басшылық жасау, елде жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыста- рының басын біріктіріп, оларды үй- лестіру. Сол кездері осындай Одақ- тық ұйым КСРО Педагогикалық ғы- лымдар Академиясының, кейіннен КСР Ғылым Академиясының жаны- нан құрылған еді. Ол Бүкілодақтық психологтар қоғамы деп аталатын еді. Осы қоғамның бастамасымен 7-ғылыми съезд ұйымдастырылып, 1966 жылы Мәскеуде Дүниежүзі психологтарының ХVIII конгресі өт- кізілді. Бұларға Қазақстан психо- логтары да үнемі қатысып отырды.

Қазақстанда республикалық психо- логтар қоғамының басшылығымен бірнеше ғылыми форумдар өткізілді. (Алматы, Шымкент, Целиноград, Көкшетау т.б.). Бұлардың ішіндегі елеулісі – 1973 ж. Алматыда өткізіл- ген «Ойлау және қарым-қатынас» ат- ты Бүкілодақтық симпозиум болды. Оның 10-нан астам секцияларында одақтас республикалардың әр түк- пірінен келген психологтардың 150- ге жуық баяндамалары тыңдалды.

Осы жиынға ғалымдар «Одақ кө- лемінде өтетін психологтар съезіне

 

тең келетін жиын» деп баға берді. Қазақстан психологтары қоғамының Орталық кеңесі, президиумы екі қа- лада (Шымкент, Целиноград) об- лыстық бөлімшелері жұмыс істеді. Ғылыми жиындардың материалдары

«Психология» атты 11 арнаулы томда және басқа да ғылыми жинақтарда жарияланды. 1991 жылы Қоғам өз жұмысын тоқтатты.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін егемендігі мен тәуелсіздігін жария- лаған бұрынғы республикалар өз елдерінде дербес ұлттық психолог- тар қоғамын құра бастады. Қазіргі кездегі олардың ең ірілері – Ресей, Украина, Грузия психологтар қоға- мы. Қазақстанда мұндай қоғам әзір- ше болмай келеді. Мұны ұйымдас- тыруға бізде толық мүмкіншіліктер жеткілікті.

Алматы, Астана облыс орталықта- рындағы психолог ғалымдардың қа- тары қауырт өсуде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ- ситетінде психология ғылыми-зерт- теу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде акаде- мик Т.Т.Тәжібаев ат. этнопсихология орталығы (1991) жұмыс істейді.

Психология саласында 30-дан астам ғылым докторлары мен профессор- лары бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *